Университеттерге арналған грант. Студенттер мен оқытушыларды ағылшын тіліне оқыту, 2022-2023.

Қазақстандық жоғары оқу орындары басшыларының назарына! Академик Ш.Есенова атын. ғылыми білім беру қоры ағылшын тілі бағдарламасын өткізу гранттын беруге арналған байқау жариялайды.

Бағарлама өңірлік университеттер арасында байқаулық іріктеу форматында өткізіледі. Байқауға Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларынан тыс жерде орналасқан, тек қана Қазақстанның өңірлік ЖОО қатыса алады.

Гранттардың саны – 160.

Оқыту форматы: 2022 жылдың қазан айынан бастап 2023 жылдың мамыр айына дейін 8 ай бойы, аптасына 2 реттен өткізілетін онлайн курстар.

Бағдарлама соңында қор есебінен 25 үздік оқытушы мен студент IELTS емтиханын тегін тапсыру мүмкіндігіне ие болады.

Өтінімдер қабылдау: 2022 жыл 14 ақпан-31 наурыз. Сканерленген қосымшалармен электронды түрдегі өтінімді қордың info@yessenovfoundation.org электрондық поштасына жіберу қажет. Қағаз нұсқадағы құжаттар талап етілмейді. 2022 жылғы 29 сәуірде байқаудың жеңімпазы жарияланады.

Байланыс ақпараттары (барлық мәселелер бойынша):
Эл. пошта: aigerim.s@yessenovfoundation.org
Тел.: 7 701 627 9607 (Айгерім Султан), +7 771 775 1815 (Ирина Грищенко)

Бағдарламаның ережесі
Downloaded: 393, Size: 34.2 KB
Өтінім
Downloaded: 214, Size: 34.8 KB
Қатысушылар тізімі
Downloaded: 84, Size: 16.8 KB

Көру саны: 315