П.Л. Капица «Все простое – правда» (Барлық қарапайым жағдаяттар – шындық)

П.Л. Капицаның «Қарапайымдылықтың бәрі – ақиқат» афоризмдер және нақыл сөздер кітабы

«Қарапайымдылықтың бәрі – ақиқат» кітабы алғаш рет 1994 жылы П.Л. Капицаның 100-жылдығына орай Мәскеу Физика-техникалық институтының баспасынан шығарылды. Кітаптың құрастырушысы Петр Леонидовичтің қызметтес әріптесі Петр Евгеньевич Рубинин болды.

Кез-келген ғылымның тарихында жұрттың бәріне тіпті, сол ғылымға қызықпағандар үшін де таныс есімдер кездеседі. Исаак Ньютон мен Альберт Эйнштейн, Николай Лобачевский мен Дмитрий Менделеев, Шоқан Уалиханов пен Қаныш Сәтбаев – бұлардың қай-қайсысы болсын данышпандықтың өлмес өмірі, мәңгілік ғылыми ізденістер, адамгершілік парасат пен азаматтық батылдық туралы бізге ескертіп тұратын есім-белгілер, есім-рәміздерге айналып кеткен тұлғалар.

Бұл ретте Петр Леонидович Капицаның (1894-1984) есімі алдыңғы қатардан орын алады. XX ғасырдың ірі физигі, көрнекті ғылымды ұйымдастырушы болған ол өзінің ұзақ та қиын өмірінде дәуір толқындарына қарамастан ұлы мұраттар мен мақсаттарға, достарға адалдықты және айнымас оптимизмді сақтап қала білді.

Басылым оқушылар мен студенттерден бастап, әртүрлі ғылым саласындағы мамандарға дейінгі оқырмандар тобына арналған. Кітап П.Л. Капица қызметінің тек ғылыми қырымен ғана таныс адамдарды осынау ерекше тұлғаның басқа да ықтимал, тосын қырларын ашып, қызықтырады.

Көру саны: 183