Мектептегі шахмат

Жоба нысаны Алматы, Қызылорда, Павлодар қаласы және Павлодар облысындағы 18 мектептің тәжірибелік сыныптарының оқу бағдарламасына «Шахмат» пәнін енгізу және жоба аясында шахматпен айналысатын балалардың танымдық дамуының психодиагностикасы бойынша зерттеу жүргізу, сонымен қатар оларды аталмыш пән оқытылмаған бақылау сыныптарындағы балалармен салыстыру болды. Жоба академик Ш.Есенов атындағы ғылыми білім беру қорының бастамасымен, Қазақстан шахмат федерациясымен бірлесе отырып екінші, үшінші және төртінше сыныптарда жүзеге асырылды.

Зерттеу нәтижесі көрсеткендей, үш жыл ішінде шахматты оқыған оқушылар ойынды үйренбеген құрдастарымен салыстырғанда жоғары деңгейдегі зияткерлік, шығармашылық және академиялық қабілеттер көрсетті. «Мектептегі шахмат» жобасын іске асырған 3 жыл ішінде қор Қазақстандағы 58 орта мектептегі шахмат бөлмелерін жабдықтады және де 18 мектепті баспа оқулықтарымен, ал қалғандарын оқулықтың электронды нұсқаларымен қамтамасыз етті. Бағдарлама нәтижелері туралы есеп «Шахмат» пәнін елдің жалпы білім беретін мектебінің бағдарламасына вариативтік пән ретінде енгізу мақсатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігіне ұсынылды.

«Мектептегі шахмат» жобасының нәтижелері. Жаңалық

Көру саны: 108