ГЕОЛОГ КҮНІНЕ ОРАЙ ШАХМАТ ТУРНИРІ

31-ші наурызда және 1-ші сәуірде Алматыда «Шахмардан Есенов мемориалы» атты ашық шахмат турнирі өтеді. Турнирге қатысуға геология мамандығының студенттері, оқытушылары мен мамандары шақырылды.

Турнир биылғы жылы атап өтілетін, академик Есеновтың 90-жылдығын мерекелеу шеңберінде өтетін болады. Турнирдің жалпы жүлде қоры 1 млн. 200 мың теңгені құрайды. Жарыс 9 турмен швейцариялық жүйе бойынша жүргізіледі. Өтінімдерді қабылдау басталды және ол 20-шы наурызға дейін созылады.

Толтырылған өтінімдеріңізді хаттың тақырыбында «Турнирге арналған өтінім» деген белгімен info@yessenovfoundation.org электрондық пошта бойынша күтеміз. Қосымша ақпаратты алу үшін бағдарлама үйлестірушісі Нұрсұлтан Нұрмұхановқа хабарласыңыз +7 727 346 92 88, +7 707 966 05 96.

Көру саны: 84