Yessenov Launch Pad 2023
Сайт бетінің төменгі жағында орналасқан бағдарлама Ережесімен толық танысып шығуыңызды өтінемін!
Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры hard skills және/немесе soft skills дағдыларын дамытуға арналған жаңа 10 грант байқауын жариялайды.
ЕГЕР СЕН:
ҚР азаматы болсаң;
Қазақстандық ЖОО студенті немесе ағымдағы маман/қызметкер болсаң;
Сенің мамандығың – ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, жаратылыстану, математика және статистика, денсаулық сақтау болса;
Өзіңнің soft и hard skills дағдыларыңды дамытқың келсе.
Онда сенің ГРАНТТЫ ҰТЫП АЛЫП, ұзақтығы 12 айға дейінгі онлайн/офлайн оқудан өтуге мүмкіндігің бар!
Бұл үшін 17.04 бастап 18.05.2023ж. дейін қор сайтында онлайн-өтінімді толтырып, келесі құжаттар пакетін ұсыну қажет:
Міндетті құжаттар:
жеке куәліктің сканы;
оған қосымша дағдылардың не үшін керек екенін, олардың кәсіби және жеке өміріне қалай әсер ететінін түсіндіруі керек мотивациялық хат;
Түйіндеме/CV.
Қосымша құжаттар:
Үміткердің белгілі бір саладағы жетістіктерін және/немесе мүдделерін көрсететін портфолио және тиісті растауды ұсыну – 3 құжаттан артық емес;
Ұсыным – 1 құжаттан артық емес;
Академиялық жетістіктер, зерттеу және/немесе инжинирингтік қызметтегі жетістіктер, түрлі деңгейдегі конференцияларға, семинарларға қатысқандары үшін сертификаттар-3 құжаттан артық емес*;
Жеке, ұжымдық жарияланымдар – 2-ден артық емес;
Диплом, болған жағдайда (соңғы оқу орны) – 1 құжаттан артық емес;
Әлеуметтік белсенділік және еріктілік сертификаттары – 2 сертификаттан артық емес*
* Қор сертификаттардың шектеулі санын қарастырада. Үміткер өзінің жетістіктерін жақсы көрсететін сертификаттарды өз бетінше таңдауы керек.

Көру саны: 4,173