Ғылыми тағылымдамалардан Ұлыбританияның зертханаларында өту бағдарламасы-2018

Академик Шахмардан Есенов атындағы Ғылыми-білім беру қоры 5 студентке және оқытушыға жазғы тағылымдамалардан Ұлыбританияның зертханаларында өтуге мүмкіндік береді.

Бағдарламаның талаптары:

Кім қатыса алады: жасы 18-ге толған ҚР азаматтары, химия мен мұнай-газ салалары бойынша әрекеттегі мамандар, сондай-ақ Қазақстандық ЖООрында аталған бағыттар бойынша білім алатын бакалавриат, магистратура, докторантура студенттері.

Гранттардың саны: 5

Қажетті құжаттар:

  1. Түйіндеме;
  2. Жеке куәлік көшірмесі;
  3. Сынақ кітапшасының (барлық сессиялар) немесе жоғарғы білім туралы дипломның көшірмесі;
  4. Дипломдардың, сертификаттардың, конкурстық ғылыми еңбектердің көшірмелері;
  5. Мүдделілігін таныту хаты, тақырыбы – «Маған тағылымдама … үшін қажет»;
  6. ЖОО проректорының/ ректорының/ ғылыми жетекшінің ұсынымы;

Ағылшын тілін меңгеру дәрежесін растайтын сертификат/құжат (IELTS/ TOEFL/ өзге).

Толтыру кезінде өтінімгер өтінімінде тағылымдама кезінде жұмыс істеуді жоспарлаған ғылыми еңбегінің тақырыбын көрсетіп, бір профессорды таңдайды. Профессорлардың және олардың ғылыми еңбектері көрсетілген тізімі өтінім нысанында көрсетілген.

Құжаттарды ұсыну мерзімі: 23.04.2017-ж дейін

Ескертпелер: Құжаттардың жиынтығы бар ағылшын тіліндегі өтінімді Қордың электрондық адресіне жолдау қажет: info@vessenovfoundation.org.

Бағдарламаға қатысты құжаттар:

Көру саны: 84