«МЕКЕПТЕГІ ШАХМАТ» ЖОБАСЫН BMG-КЕ БЕРIЛДІ

Академик Ш.Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры 2017-2020 жж. Қазақстанда «Мектептегі шахмат» пилоттық жобасын жүзеге асырды. Қордың құрылтайшысы Ғалымжан Есеновтың бастамасымен құрылған, аталмыш жоба еліміздің орта мектептерінде шахмат сабақтарын өткізу, оқытушыларды даярлау, оқулықтар мен оқу құралдарын шығару және шахматты оқытуға арналған onlinechess.kz онлайн платформасынан тұрды. Жоба аяқталғаннан кейін қор осы өнімді одан әрі пайдалану құқықтарын Bilim Media Group-ке беру туралы шешім қабылдады.

Onlinechess.kz  – шахмат оқытушылары мен балаларды оқытуға арналған онлайн платформа. Онда әр түрлі деңгейдегі 3 оқу курсы, 72 бейне сабақ, 2000-ға жуық тест және екі тілде 7 000-нан астам практикалық жаттығулар бар.

Есенов атындағы қордың атқаруша директоры, Айғаным Малишева ұйымның  шешіміне былай деп түсініктеме берді:

— Біз пилоттық жобаны аяқтап, нәтижесінде, 500-ден астам оқытушы мен 15 000-нан астам баланы оқыттық, оқу-әдістемелік материалдары мен онлайн-платформаны дайындадық. Жоба әрі қарай қолданыста болу  үшін оны тапсыратын уақыт келді. Bilim Media Қазақстандағы 7000-нан астам мектеппен ынтымақтастық жасайды, яғни олардың барлығы біздің өнімге тегін және еркін қол жеткізе алады.

Есенов атын. қордың «Мектептегі шахмат» жобасына Алматы, Қызылорда, Павлодар қалаларының және Павлодар облысының 18 мектебінің 2,3,4-сынып оқушылары қатысты. Жоба нәтижесінде жүргізілген балалардың когнитивті дамуының психодиагностикасына арналған зерттеу нәтижесі көрсеткендей, осы уақыт аралығында шахматпен шұғылданған оқушылар шахмат ойынын үйренбеген өз қатарластарымен салыстырғанда интеллект, шығармашылық және оқу үлгерімінің жоғары деңгейін көрсетті. Ресей ұлттық биомедицина және спорт институтының сарапшылары да жобаның нәтижелерін талдай отырып, дәл осындай қорытындыға келді.

— Биылғы жылы Қазақстанда 2,6 миллион оқушы пандемияға байланысты қашықтан білім алуға көшті. Көктемде «Мектептегі шахмат» жобасын және Есенов атын. қормен ынтымақтастықты сынап көрдік — республикалық теледидарда ойынның бейнесабақтарын көрсеттік. Өз тарапымыздан, қор мамандары әзірлеген onlinechess.kz платформасы мен басқа да өнімдерін тиімді пайдалануды қамтамасыз ете аламыз деп ойлаймыз, — деді Bilim Media Group басшысы Рауан Кенжеханұлы.

29.01.21, Жаңалықтар

Көру саны: 100

Другие новости