Александра Кривогузова

Мамандығы: аспап жасау. Есенов шәкіртақысының иегері.

Саша Кривогузова өзінің туған қаласындағы ҚарМТУ бакалавриатын аспап жасау мамандығы бойынша аяқтайды. 21 жастағы қыз стереотиптер мен жалпы қабылданған стандарттарды жоюды ұнатады. Сондықтан, гуманитарлық гимназияда білім алып жатқанына қарамастан, техникалық пәндерді таңдауға шешім қабылдады. Оқуда да жетістіктерге қол жеткізді, ал бұл оған, қазақстандық академиктің құрметіне аталған, ғылыми білім беру қорының Есенов шәкіртақысын жеңіп алуға көмектесті.

Неліктен дәл осы мамандықты таңдадыңыз?
Таңдау жасауыма физикалық ғылымдар мұғалімі Ирина Яковлевна Сейвальд көмектесті. Оның арқасында техникалық сала әлеміне терең сүңгідім. Инженер мамандығы өте жақсы мамандық, өйткені сен онда тек физиканы ғана емес, химияны да оқисың, логикалық ойлауды, креативтілікті дамытасың, түрлі бағдарламаларды, сызуды үйренесің, өз қолыңмен жаңа бір нәрсе жасайсың.

Сіздің мамандығыңыздың түлектері қандай позицияларда жұмыс істейді?
Оның екі негізгі бағыты бар: метрология және ақпараттық-өлшеу техникасы мен технологиялары. Мен екіншісі бойынша маманданып жатырмын. Ақпараттық технологиялар мен бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуді, автоматтандырылған ақпараттық-өлшеу жүйелерін жобалау мен олардың жұмысын терең зерделеймін. Түлектер кәсіпорындардың кең спектрінде жұмыс істейді: ірі өндірістен бастап кез келген саладағы мемлекеттік мекемеге дейін. Бірі инженер-технолог, екіншісі инженер-метролог, ал кейбіреулері инженер-конструктор.

Ш.Есенов атын. қордың шәкіртақы байқауына қатысуға қалай шешім қабылдадыңыз?
Бірінші курстан бастап өзім үшін нақты шешім қабылдадым: көп нәрсені үйренгім, басқаларға үлгі, көшбасшы болғым және дамығым келеді. Сол кезде алғаш рет оқытушыларымнан осы байқау туралы да естідім. Ата-анам мен университеттің белсенділері мені қатысуға итермеледі. Қатты толқып, уайымдадым. Шынымды айтсам, жеңімпаз атанатынымды елестете де алмадым.

Неліктен жеңіске жеттіңіз деп ойлайсыз? Болашақ байқау қатысушыларына кеңесіңіз?
Екінші кезең – финал – қор өкілдерімен әңгімелесу түрінде өтті. Бұл маған қатты ұнады, өйткені мұнда бетпе-бет сөйлесіп, сұхбат алушыларға жақсы әсер ету мүмкіндігі болды.  Қатты уайымдағаныммен, барынша шынайы болдым және сұрақтарға шын жүректен жауап бердім. Дәл осы сәттер жеңімке жетуге көмектесті. Әрине, сонымен қатар, менің ғылыми еңбектерім. Үш тілде 27-ден астам ғылыми жарияланым жаздым. Сонымен қатар, волонтерлік қызметпен белсенді айналысамын. Ал, болашақ қатысушыларға берер кеңесім: шынайы болыңыз, жақсыға ұмтылыңыз, көбірек оқыңыз, дамыңыз, мұқтаж адамдарға көмектесіңіз, ешқашан қолыңызды түсірмеңіз және армандарыңыздың орындалатынына сеніңіз.

Бакалавриатты бітіргеннен кейін немен айналысуды жоспарлап отырсыз?
Қазір дипломдық жұмыс жазып жатырмын. Оның тақырыбы – «Электр есептегіштерін тексерудің зертханалық стендін жасау». Сабақтар онлайн және офлайн форматта өтіп жатыр. Өзімнің жетекшім және техникалық ғылымдар магистрі Владислав Владимирович Юрченкомен кеңесемін. Оған қолдауы мен көрсеткен көмегі үшін ризамын. Дипломды қорғағаннан кейін шетелде магистратураға түсуді жоспарлап отырмын. Әзірге ел мен университетті таңдаудамын.

Бос уақытыңызды қалай өткізгенді ұнатасыз?
Тігіс тігуді, өз қолыммен киімдер жасауды ұнатамын. Жарты жылда бір рет дизайнер-конструктордың біліктілігін арттырамын, болашақта жеке киім брендін құру үшін түрлі курстардан өтемін. Интерьерді 3D модельдеу және ғимараттарды жобалау бағдарламаларына да белсенді қызығушылық танытамын. Фитнес, жүзу, йога – бұл менің хоббиім. Бессель ван дер Колк, Эрик Берн, Даниэль Шактер және Келли Макгонигал сияқты авторлардың психология бойынша кітаптарын оқығанды ұнатамын.

Мүмкін болса, отбасыңыз, жақындарыңыз туралы бірнеше сөз айта кетсеңіз.
Менің отбасым – менің үйім. Әкем Чернобыль атом электр станциясындағы зардаптарды жоюшы болып жұмыс істеді, бәріне шығармашылық жағынан қарайтын, оқығанды жақсы көретін, дәмді тағам дайындайтын, мәселелерді ерекше жағынан шеше білетін. Оның қолынан бәрі келетін.  Ол мені мақтан тұтатын. Өкінішке орай, 2020 жылдың 17-шілдесінде қатерлі ісік себебінен әкем қайтыс болды… Анам қалағанының бәріне өзі қол жеткізді. 25 жыл мұғалім болып жұмыс істеді, қазір маркетингпен айналысады. Өмірімдегі өте маңызды адам – менің күйеу жігітім, үйлену тойына дайындалып жатырмыз. Ол әрдайым жанымнан табылатын, мақалалар жазуға көмектесті, еңбектерімді сынға алды, қиын сәттерде мені қолдады. Балалық шағым пен отбасым туралы керемет естеліктерім көп. 2007 жылдың жазын жиі еске аламын: ата-анаммен бірге атам мен әжеме қонаққа барған кезді. Осы уақытқа дейін сол сәтті күлімсіреп, тіпті көз жасымен еске аламын.

9.04.21, Жетістік тарихы

Көру саны: 81