Айгерім Бимағамбетова

Мамандығы: мұнай-газ ісі. Есенов шәкіртақысының иегері.

2020 жылдың көктемінде 20 жасар Айгерім академик Ш.Есенов атындағы ғылыми білім беру қорының шәкіртақы байқауының жеңімпазы болғанын білді. Ол мамандық ретінде мұнай-газ ісін таңдаған, өйткені бұл сала бұрынғысынша өзекті және оның үстіне табысты. Осы күзде Жітіқара қаласынан келген бойжеткен бакалавриаттың соңғы курсындағы оқуын Satbayev Univesrity-де бастамақ. Ал, туған өлкесінде оның отбасы қалды: әкесі — фермер, анасы мемлекеттік қызметкер және әпкесі колледж студенті.

Осы жазда немен айналысуды жоспарлап отырсыз?
Қаладан тыс жерде, таза ауада, қарбалассыз демалуды жоспарлап отырмын. Осыған дейін орайы түспеді. Сонымен қатар, бағдарламалауды үйреніп, ағылшын тілін жақсартқым келеді, испан тілін үйренуді бастадым.

Бір жылдан кейін оқуды аяқтайсыз, маман боласыз…
Иә, өндірісте жұмыс істеуді бастаймын. Өз мансабымды Қазақстанның кен орындарының бірінде бастауды және мұнай-газ саласын цифрландырумен айналысуды жоспарлап отырмын. Болашақ студенттерге қонақ дәрістерін өткізуге, инженер қыздарға әлеуетін ашуға және оларды қолдауға көмектесуді бастауды да ойластырудамын.

Есенов шәкіртақысы туралы қашан және қалай білдіңіз және неліктен қатысуға шешім қабылдадыңыз?
Аталмыш шәкіртақы туралы бірінші курста білдім. Университеттің хабарландыру тақтасында Ш.Есенов қорының плакаттары ілініп тұрды. Қор және оның шәкіртақылық байқауы туралы толығырақ біліп, қатысу критерийлеріне толық сәйкес келетінін түсіндім. Сол кезде екінші курста міндетті түрде өтініш беремін деп шештім.

Байқау туралы не атап өтуге болады?
Байқауға қатысудың өзі пайдалы дер едім, өйткені бұл өзін-өзі дамыту үшін өте жақсы мүмкіндік. Байқау барысында сіз өз тәжірибесімен бөлісуге және қолдау көрсетуге дайын талантты және жігерлі адамдардың жаңа ортасына кіресіз. Басқа қатысушылар мен жеңімпаздар туралы айтып отырмын.

Осындай байқауға қатысушылармен қандай лайфхактармен бөлісе алар едіңіз?
Арнайы өмірлік лайфхактарым  бар деп айта алмаймын. Менің ойымша, өсу үшін әр түрлі жарыстарға, олимпиадаларға қатысып, шет тілдерін үйрену керек. Жұмыс, оқу және демалу арасындағы тепе-теңдікті іздеңіз, сонда ғана жаңа жобаларға көбірек күш-қуат пен шабыт таба аласыз. Сонымен қатар, бәрін үнемі жоспарлау маңызды.  Уақытты басқару дағдыларын қолдана отырып, оқуға, дамуға, жеңіл атлетикамен және фитнеспен айналысуға және Р.Кийосаки, Л. Ярухина және С. Ковидің қаржы және психология кітаптарын оқуға үлгеремін.

Сіз шәкіртақысын алып отырған адам туралы не білесіз?
Шахмардан Есенов
— қазақстандық геолог, мемлекет қайраткері, ғалым.  Менің ойымша, оның ең маңызды жетістігі — оның еңбектерінің әлі күнге дейін қолданылуында. Ол елдің есінде, оны құрметтейді.

Өмірдегі қандай жеңістеріңізді маңызды деп санайсыз?
Екінші курста бір семестр бойы Малайзияда оқыдым — бұл үлкен тәжірибе болды. Қазір өз университетімнің 2-3 курс студенттері үшін онлайн-тәжірибені ұйымдастырумен айналысудамын. Осының арқасында студенттер мұнай-газ индустриясының жетекші мамандарымен жеке сұхбаттасуға және кәсіби білімдерін тереңдетуге мүмкіндік алады.

Сіз үшін өмірдегі ең құнды нәрсе не?
Денсаулық, және өткен жылы көптеген адамдар бұған тағы да көз жеткізді. Адам сау болған кезде, өмірден қуаныш пен қанағат сезімін әкелетін өзінің сүйікті ісімен айналыса алады.

15.07.21, Жетістік тарихы

Көру саны: 79