YESSENOV DATA LAB: ТАҒЫ ДА 19

Алматы, 5 тамыз. Yessenov data Lab (YDL) деректерді талдаушыларға арналған жазғы мектебі 19 маман дайындап шығарды. Қазақстанның барлық аймағынан 21-31 жас аралығындағы студенттер 8 апта бойы нейрондық желілермен, үлкен деректермен, желілік модельдермен және регрессиялармен, сондай-ақ, Python программасымен жұмыс істеуді тегін үйренді. Yandex көмегімен құрылған қордың оқу процесін Мәскеу мен Санкт-Петербург сарапшылары жүргізді.

Бір жыл бұрын Yessenov Data Lab 21 студентті сәтті оқытып шығарған болатын. Оқу бітірген студенттердің барлығы жұмысқа орналасты, магистратураға түсті және оқуға дейін істеген компанияларында жұмысын жалғастырды. Біз осы жылдың түлектерін де осындай нәтижелер күтіп тұр деп үміттенеміз, өйткені біздің елімізде деректерді талдау саласындағы жас мамандардың сұранысы бір жыл ішінде айтарлықтай өсті,— деп YDL ұйымдастырған, академик Ш. Есенов атындағы қорының бағдарламалар менеджері, Роумиса Башаева өз ойымен бөлісті.

Осы жылдың оқытушылары арасында профессор және ғылым докторы Қуаныш Әбешев пен Тимур Бакибаев (AlmaU, Қазақстан), Дмитрий Русанов (e-lama.ru), Марина Горлова (Yandex.Money), Михаил Липкович (assaia), Валерий Жук (ClearScale), BigData Team командасы және корпоративтік қосымшалар нарығында әлемдік көшбасшы болып танылған SAP компаниясының мамандары (барлығы – Ресей) болды. Қор хабарлағандай, биылғы мектеп бағдарламасы бірінші жылы өткізілген оқу тәжірибесін ескере отырып кеңейтіліп, тереңдетілді. Жазғы мектепке Қазақстанның massaget.kz және tengrinews.kz сынды рейтингтік онлайн-БАҚ порталдары ақпараттық қолдау көрсеті.

– Біз Ғалымжан Есеновке осы жобаның серіктестері болуға шақырғаны үшін ризамыз. Біздің студенттеріміздің барлығы да ынталы. Олармен жұмыс жасау өте қызықты және оңай. Барлық студенттер білім алуға терең көңіл бөлді және тапсырмаларды орындауға жауапкершілікпен қарады. Әсіресе, олардың әрдайым жедел кері байланыс беріп отырғандарын атап өткім келеді. Нәтижесінде біз бағдарламамен тапсырмаларды тез қарап шығып, оқу процесін қайта құрдық, — деп түсіндірді Алексей Драль, CEO BigData Team негізін қалаушысы.

Yessenov Data Lab жазғы мектебінің мақсаты – деректерді талдаушыларды дайындау, қазақстандық ұйымдар мен компаниялардың тәжірибесінде деректерді талдауды қолдануға жәрдемдесу және осы саладағы зерттеу қызметін ынталандыру. Мектеп конкурсына 120-дан астам өтініш берілді. Барлық үміткерлер жауабы бірнеше айға созылған қатаң іріктеуден өтті. Басқа қалалардан келген барлық жеңімпаздарға Ш. Есенов атындағы қор Алматыда тұру ақысын, жол ақысын төледі. Барлық YDL студенттеріне апталық стипендия төленді. YDL-да жалпы оқыту 40 студент сәтті өтті.

5.08.19, Жаңалықтар

Көру саны: 88

Другие новости