Вадим Сарсенбаев

Мамандығы: машина жасау. Есенов шәкіртақысының иегері.

Вадим Петропавлдың тумасы, өзі 27 жаста. 2018 жылы Ш.Есенов атын. ғылыми білім беру қорының байқауын жеңіп алып, Солтүстік-Қазақстан мемлекеттік университетінің магистранты ретінде екінші шәкіртақысын ала бастады. Ол бағдарламалау, инжиниринг, медицина салаларына қызығушылық танытады, сонымен қатар, оған  автомашиналарды тюнингтеу және адамдармен араласу ұнайды. Айтпақшы, адамдар жайлы,  ол олардың бойындағы адалдықты, ашықтықты бағалайды.

Волонтерлікпен белсенді айналсықаныңызды білеміз. Дәлірек айтқанда немен айналыстыңыз?
Әлі күнге дейін оқушыларға арналған және басқа да оқу орындарының әр түрлі іс-шараларына қатысамын. Кәмелеттік жасқа толмаған балаларды оңалту орталықтарында да түрлі шараларды ұйымдастырып тұрамын. Біз балалармен арт-терапиялар, жастардың психологтармен және заңгерлермен кездесулерін, жеке тұлғаның өсуі жайлы тренингтер өткіздік. Жастарды қызықтыру мақсатында ғылым туралы дәрістер де оқыдым.

Қордың шәкіртақы байқауының финалдық кезеңі Сіз үшін қаншалықты қиын болды?
Қиын болмады деп айтсам — өтірік айтқаным. Барлық балалар талантты, сол себепті  жеңіл болмады. Олардың көбімен танысып үлгердім. Бәрі де шеттерінен креативті, талантты, ақылды және де көңілді балалар. Мысалға айтатын болсақ, арасында өз романдарын шығарып үлгерген қыздар мен ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысатын жігіттерде болды. Ұзын сөздің қысқасы, жеңіс жолында аз тер төкпедім.

Жеңіске жетуге қаншалықты ұмтылдыңыз және бұл шәкіртақы Сізге не үшін қажет?
Ең алдымен, өзіме шынымен лайықты екенімді дәлелдеу үшін. Мектепте өте жақсы оқыдым деп айта алмаймын. Тұрмыс жағдайымыз орташа болды, айналам да көңіл толтырарлықтай болмады, ал мұғалімдер үнемі өмірде табысқа жете қоймассың деп айта берді.   Тек отбасым мен достарым ғана қолдау көрсетті. Ал қазіргі таңда мені тек қана қазақстандық ғылыми ортада ғана емес, сондай-ақ шет елде де таниды. Ғылыми конфренцияларға жиі қатысып тұрамын. Ең маңыздыларының бірі 2017 жылы Гонконгта өтті (The International MultiConference of Engineers and Computer Scientists). Шәкіртақы маған қаржылық тұрғыдан көп көмектесуде: қазіргі таңда қосымша табыс табу — бәрінен де маңызды. Ал сол табысты өз идеяларыңның жүзеге асуына жұмсау тіптен жақсы. Шәкіртақы шетелдік тағылымдамаларым кезінде де көп көмектесті.

Бір жыл ішінде тағы қандай өзгерістер болды?
Мен жақсы оқимын, түрлі конференциялар мен іс-шараларға қатысамын, балалардың алдында инжиниринг және бағдарламау тақырыптары бойынша жиі дәрістер оқып тұрамын. «Лаба-2019» Ресей ғылыми қорының атынан «Ашық зертхана» өткіздім, ал Қазақстан әскери ұлттық гвардия институтының мамандарымен бірлесіп курсанттарды оқытуға арналған платформа құрдым. Облыстық жастар мәслихатының сайлауына қатысып та үлгердім, енді оның депутатымын. Командамызбен бірлесіп Қазақстандағы және біздің облыстың  оқу орындарындағы суицид мәселесін зерттеу жобасын іске асырдық.

Алдағы уақытта немен айналысасыз?
Феррогидродинамикамен
тереңірек айналысқым келеді. Мысала, қозғалтқышпен жұмыс істейтін жаңа буын жойғыштарын жасау жобасына қатысқым келеді.  Көптен бері қан тазалау құрылғысын жасау, нано-машина жобасын іске асыру идеясын ойлап келемін. Осы тақырыпта диссертация қорғап, докторантураға түсу жоспарымда бар. Ал егер де уақытым қалып жатса – ақырында, баяғыда сатып алған, өзімнің «Жоржигімді» — ЗАЗ 968м тюнингтегім келеді. Менің ойымша, егерде мақсат қоя білсе және қасынан қолдайтын жандар табылсса кез келген адамның қолынан бәрі де келеді. Сондықтан да, мені қолдағандардың бәріне алғысым шексіз.

19.02.19, Жетістік тарихы

Көру саны: 411