АЛМАТЫДА ДЕРЕКТЕРДІ ТАЛДАУ ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІ БАСТАЛДЫ

Маусымның 11-нде Алматыда Yessenov Data Lab ақысыз деректерді талдаушыларға арналған мектебі есігін ашты. Көктемгі сыннан өткен 21 студент – мектептің алғашқы оқушылары.

Деректерді талдау маманы бүгінгі күннің сұранысы мен жалақысы ең көп мамандықтардың бірі. Дүниежүзінің осы бір мамандығына мектептің түлектері қол жеткізе алады. АҚШ нарығында осы кәсіптегі кәсіпқойлардың жетіспеушілігінің өзі шамамен 180 мың адамды құрайды. Елімізде де сұраныс күннен күнге өсуде. Жоба бастамашыларының айтуы бойынша, 8 апта ішінде тыңдаушылар деректерді жинауды, өңдеуді және визуалдауды, деректердің үлкен ауқымдарын зерттеуді және де қазіргі бизнес-үдерістерді оңтайландыруды үйренеді. Бұнымен шектелмей, қатысушылар сонымен қатар дәрістер барысында кескіндерді танып, нейронды жүйелермен жұмыс істеп, Kaggle порталында есептерді шешеді. Ал мектептің соңғы 2 аптасында қатысушылар жобалық есептер мен бизнес-кейстерді шешумен айналысады. Бұл – соңғы емтиханның ерекше бір түрі болмақ.

— Мектепке түсу сынына 120 адам қатысты. Оқытушылар мен бағдарламаға қатысушылардың барлық шығыстарын өтейміз. Курсты сәтті бітірген студенттер деректерді талдау маманы сертификатын иеленетін болады. Түлектеріміздің барлығы да жұмыссыз қалмайтынына сенеміз, – деп ойымен Ильзира Алдагарова бөлісті. Ол мектептің өтуіне бастамашылық еткен академик Ш.Есенов атындағы қордың бағдарламалар менеджері.

Жеңімпаздар арасында Қазақстанның 8 қаласының өкілдері бар. Жетеуі – бұрымдары бар өз қыздарымыз. Жобаның көздеген мақсаты – талдаушыларды дайындап, ғылым аясында деректерді талдау құралын қолдануды баптау және осы бағытта зерттеушілік жұмыстарға ынталандыру мен отандық компаниялар мен ұйымдарда деректерді талдауды қолдану. Дәріс берушілер арасында осы бағыттың жетекші кәсіпқойлары бар: Дмитрий Котовенко (AGT International, Франкфурт), Марина Горлова (Yandex.Money, Санкт-Петербург), АҚШ пен Германияда Ph.D дәрежесін алған AlmaU профессорлары Қуаныш Әбешев пен Тимур Бәкібаев, сонымер қатар Михаил Липкович пен Дмитрий Русанов (EPAM Systems, Санкт-Петербург).

— Уақыттың көп бөлігі машиналық оқытудың орасан зорық технологиясын қолдана қолданбалы есептерді шешуге арналған. Деректер ғылымы сан алуан дағдылар мен мол мағлұматты талап етеді, сондықтан болар осы жолға жаңадан аяқ басқан жас ғалымның неден бастайтынын білмесі ғажап емес. Мен беретін кіріспе аптаның тақырыптарынды осындай қорқыныштарды қалайша түбімен жоюды баяндап, деректерді талдаудың мәселелері мен жалпы құрылымының сипатын беріп, содан соң нақты деректерді пайдалана отырып негізгі алгоритмдерді қолдануға мүмкіндік беріп, бұндай алгоритмдердің, мәселен бұқараны «айғай-ұйғайлатқан» нейронды жүйелердей қобалжытпаса да, олардың маңыздылығын түсіндіру, – дейді Дмитрий Русанов.

Бұл кәсіптің туындауының негізі бүгінгі күнде жиналып қалған деректердің ауқымы зор болып, оларды өңдеуде дәстүрлі математикалық статистиканың әлсіз болуында.

— Елімізде осы кәсіпке деген сұраныс ұсыныстан әлдеқайда асып отыр, сондықтан да осындай мектептерді жүйелі түрде өткізу өте маңызды. Одан қалды, бұл математиктер мен бағдарламашыларға басқа бір кәсіпте өз күштерін сынап, жаңа мамандыққа ауысудың бірде-бір мүмкіндігі. Байқау кезінде қызуғышылықтың едәуір екені айқын болды. Мектебіміздің қатысушылары көпті меңгеріп еліміздің деректерді талдау саласындағы әлеуетін арттырады деген сенімдемін, – деп өз үмітімен Тимур Бәкібаев бөлісті.

«Data Scientist» кәсібі академиялық және салааралық пән ретінде ресми түрде 2010 жылдың басында тіркелген, ал «Big Data» ұғымыны 2008 жылы пайда болған.

18.06.18, Қор жаңалықтары

Көру саны: 2,281

Другие новости