АҚТӨБЕ ЖӘНЕ ӨСКЕМЕН ОҚУШЫЛАРЫ КОРЕЯДАҒЫ ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСАДЫ

Астанада IESO 2019 Жер туралы ғылымдар бойынша халықаралық олимпиадаcына қатысу үшін қазақстандық ұлттық командаға жоғары сынып оқушыларын іріктеу аяқталды. Олимпиада Оңтүстік Кореяда тамыз айының соңында өтетін болады.

Еліміздің астанасында IESO халықаралық олимпиадасына қатысу үшін Қазақстанның ұлттық командасына жоғары сынып оқушыларын іріктеу аяқталды.

— Кореяға төрт қазақстандық оқушы барады. Ақтөбеден Рустам Валеев (НЗМ), Өскеменнен Алмас Искендиров («Білім» инновациялық лицейі), Астанадан Амир Жолдасбеков (НЗМ) және оның жерлесі Айбике Жагипарова (№4 гимназия), — деп бөлісті Ш.Есенов атындағы ғылыми білім беру қорының жобалар үйлестірушісі Нұрсұлтан Нұрмұханов.

Командадағы жалғыз қыз құрама командаға былтырдан бері өтуге ұмтылған, алайда оған ағылшын тілінен жеткіліксіз деңгей мүмкіндік бермеген болатын. Бір жыл бойы тілді тынбай жетілдірген соң, Айбике қажетті деңгейніне қол жеткізіп, биылғы жылы халықаралық жарысқа еліміздің атынан қатысатын болады.

— Балалар финалға қалай өтті? Былтырғы жылы біз еліміздің көптеген мектептеріне конкурс туралы хабар беріп, олар өздерінде іріктеу жүргізді. Оқушылар өздерінің геологиядағы, астрономиядағы, океанологиядағы және де, әрине, ағылшын тіліндегі терең білімдерін көрсетті. Олардың ішінде біз ең үздіктерді таңдадық, – деп айтты «Жас геолог» қорының директоры Жанат Исмаил.

Одан әрі конкурс жеңімпаздарында олимпиадаға дайындық басталады – олар жарыстарда кездесетін тапсырмаларға ұқсас тапсырмаларды орындайтын болады. Қазақстандық оқушыларды олимпиадаға геология профессоры Лоран Ришар және геологиялық-минералогиялық ғылымдар кандидаты және «Жас геолог» үйірмесінің жетекшісі Айгүл Байдаулетова дайындайды (екеуі де Астанадан). Сабақтар аптасына екі рет онлайн режимінде өткізіледі.

— IESO — бұл өте танымал олимпиада, және оған қатысу, бүған қоса марапаттарға ие болу еліміз үшін, сондай-ақ балалар үшін беделді. Бұл Қазақстанның Жер туралы ғылымдарды зерттеу саласында қандай деңгейге жеткенін көрсетеді. Мен финалдық іріктеуге қатыстым, және де біздің балаларымыздың деңгейі шынымен де жоғары деп айта аламын. Биыл да еліміз IESO-дан медальдарды қанжығасына байлайды деп үміттенемін, – деп бөлісті проф. Л.Ришар.

Оқушылардың іріктеуін «Жас геолог» корпоративтік қоры ұйымдастырды, ал IESO ұлттық қазақстандық командасының бас демеушісі Ш.Есенов атындағы ғылыми білім беру қоры болып табылады. IESO олимпиадасынан 2017 және 2018 жылдары қазақстандықтар 9 марапаттаумен оралды. Биылғы жылы 13-ші олимпиада, 2007 жылы алғашқы рет өткізілген, Тэгу қаласында қайта өтетін болады.

5.02.19, Қор жаңалықтары

Көру саны: 275

Другие новости