ГЕОЛОГ КҮНІНЕ ОРАЙ ШАХМАТ ТУРНИРІ

31-ші наурызда және 1-ші сәуірде Алматыда «Шахмардан Есенов мемориалы» атты ашық шахмат турнирі өтеді. Турнирге қатысуға геология мамандығының студенттері, оқытушылары мен мамандары шақырылды. Турнир биылғы жылы атап өтілетін, академик Есеновтың 90-жылдығын мерекелеу шеңберінде өтетін болады.

Шахмат жарысы Геолог күніне орай Қ.И. Сәтпаев атындағы ҚазҰЗТУ-дың бас корпусында өтеді. Турнирді ҚазҰЗТУ-дың жәрдемімен Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры ұйымдастырды.

–Біз ұйымдастырып жатқан шахмат турнирін пайдалы қазбалардың көптеген кен орындарын ашқан, танымал геолог, Қазақ КСР Геология министрі, Ғылымдар академиясы президентінің құрметіне «Шахмардан Есенов мемориалы» деп атауды жөн көрдік. Академиктің сіңірген еңбегі еліміздің экономикасының іргетасын қалады, – деп қордың атқарушы директоры Айғаным Малишева айтып өтті.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 1 млн. 200 мың теңгені құрайды.  Әр жеңімпазға 450 мың теңге бұйырады. Шахматтық дәстүр бойынша 10 үздік ойыншы сыйлыққа ие болады. Жарыстардың бас төрешісі – Қазбек Тукубаев. Жарыс 9 турмен швейцариялық жүйе бойынша жүргізіледі. «Шахмардан Есенов мемориалына» 90-ға жуық шахматшы қатысады деп күтілуде. Өтінімдерді қабылдау басталды және ол 20-шы наурызға дейін созылады.

Турнир жөніндегі ережемен және өтініммен осы жерде танысуға болады. Толтырылған өтінімдеріңізді хаттың тақырыбында «Турнирге арналған өтінім» деген белгімен info@yessenovfoundation.org электрондық пошта бойынша күтеміз. Қосымша ақпаратты алу үшін бағдарлама үйлестірушісі Нұрсұлтан Нұрмұхановқа хабарласыңыз +7 727 346 92 88, +7 707 966 05 96.

Қазақстанда Геолог күні Қазақстан Республикасы Президентінің 2011-ші жылғы 20-шы қазандағы Жарлығына сәйкес сәуір айының бірінші жексенбісінде аталып өтетінін естеріңізге саламыз. Бұл мерекенің тарихы сонау ҚКСР заманынан басталады. Тұңғыш рет тәуелсіз Қазақстанда Геолог күні 2012 жылы атап өтілді.

27.02.17, Жаңалықтар

Көру саны: 61

Другие новости