Серік Жумағазы

Cерік Жұмағазы Стивен Буллдың зертханасында, академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының байқауын жеңу арқылы, тағылымдамадан өтті. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ стундеті тағылымдамадан өткен аз ғана 3 ай ішінде органикалық химияның дамуына атарлықтай өз үлесін қосып үлгерді. 

Химияға қалай келдіңіз?
7 сыныпта мені қатерлі ісік құрылымы қызықтыратын, сонымен қатар мен қолдан жасалған зымыранға арнап жанармай жасауды ойлап таптым, бұл жерде тұтас химия екені бәріне аян. Кейіннен менде химияға деген құштарлық пайда болып, зымыран екінші орынға жылжыды.  Математика немесе физикаға қарағанда, химияда қатаң ережелер мен заңдар жоқ, немесе олар өте аз. Химия, әсіресе, органикалық – ғылым шексіз және жай ғана сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес, мені өзіне еріксіз еліктіреді. (күлді)

Сіз үшін қордың гранттық байқауында ең қызығы не болды?
Құжаттарды жинау мен тапсыру маған ұзаққа әсер қалдырды. Барлық құжаттарды ең соңғы сәтте жібердім. Және де, бәрімізге ұнайтын екінші кезең қызықты өтті десем болады.  Мықты қарсыластар мен қызықты тапсырмалар мендегі құмарлықты оятты. 2 кезеңнен кейін тіпті өзім білмеген өз бойымдағы кейбір ерекшеліктерді байқадым. Нәтижесінде, бәрімізде соңғы турда уақытты тама өткізді. Бұның өзі бір ғанибет.

Сіз өткен тағылымдаманың мақсаты қандай?
Мен қатысқан зерттеу жобасының мақсаты  тұтас бір органикалық молекулаларды синтездеудеудің жаңа әдісін ойлап табу болды. Олар өте пайдалы, алайда оларды алу өте қиын. Бұл аталмыш малекулалар медицина және фармацевтикадан бастап, ауыл шаруашылығы үшін үлкен қолданбалы мәнге ие.

Неге қол жеткіздіңіз?
Аз да болса кейбір тәжірибелердің сәтті өткеніне қарамастан, менің үш айлық тағылымдамам барысында жобаны аяқтау мүмкін болмады, алайда мен өз әріптестеріммен бірлесіп барлық химиялық реакцияларды оңтайлы жүргізу шарттарын таптық. Көбірек уақыт болғанда, бастапқы реагенттерден барлық мақсатты өнімдерді алуға болатын еді. Жалпы, кейбір кезеңдердегі  сәтсіздіктерге қарамастан, әдістерді сынақтан өткізу сәтті деп айтуға болады. Тағылымдама соңына қарай мен синтетикалық органикалық химиямен жұмыс істеуге және деректерді талдауға арналған заманауи құралдармен жұмыс істеуді үйрендім. Өзімнің эксперименттік дағдыларымды дамыттым және де ғылыми мақалаларды жылдам іздеуді және тиімді жұмыс істеуді үйрендім. Менің ойымша, мен зерттеуші және  болашақ ғалым ретінде айтарлықтай өстім. Жоба аяқталғаннан кейін менің атым журналда жарияланатын ғылыми мақала авторлары тізімінің қатарына қосылады деп сенемін.

Әрі қарай ше, Серік?
Маған келетін болсақ, ең бастысы: мен қазір магистерлік те, докторлық та бағдарламаларға түсуге тырысып жүрмін. Әрі қарай көре жатармыз. Келешекте ассиметриялық катализ феноменін зерттеуді жоспарлап отырмын. Қарапайым сөзбен айтқанда, адамдар сияқты, көптеген күрделі органикалық қосылыстар “солақай” немесе “оңақай” болып келеді, осының нәтижесінде осы қосылыстардың молекулаларының қасиеттері тіптен әр түрлі. Осындай молекулаларды алудың тиімді жолдарының үлкен маңыздылығы бар. Химияның дәл осы саласындағы жетістіктердің арқасында заманауи фармаиндустрия дамып келеді.

25.01.18, Жетістік тарихы

Көру саны: 58