«ҮСТІРТ ҚҰПИЯСЫ» БАСЫЛЫП ШЫҒАРЫЛДЫ

Қазақстанда «Үстірт Құпиясы» жол көрсеткіші басылып шығарылды. Кітап 1200 көшірме санымен басылып, еліміздің дүкендеріне Наурыз қарсаңында түседі. Жол көрсеткіштің басылып шығарылуын академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры жүзеге асырды.

«ҮСТІРТ ҚҰПИЯСЫ» БАСЫЛЫП ШЫҒАРЫЛДЫ

Жол көрсеткіш қордың «Кітап басып шығару және ғылымды дәріптеу» бағдарламасының аясында шығарылды. Ол қалта пішінді және Nomad Explorer экспедициясының1400 км шақырымға жалғасатын маршрутын қайталайды. 270 ынтагер оны өткен жылдың көктемінде жүріп өткен болатын. Сапардың негізгі мақсаты – Қазақстандағы ішкі туризмді насихаттау және дамыту.

Өткен жылдың басында бізбен Nomad Explorer ұйымдастырушылары байланысып, олардың Маңғыстауға экспедицияларын ішінара қаржыландыруды ұсынды.

— Елімізде жақында ғана 90 жылыдғы аталып өтілген академик Есенов түбектегі пайдалы қазбалар кендерін ашты (олар әлі күнге дейін ел экономикасының негізі болып табылады), ал Үстірт шоқысының бөлігі болып табылатын Маңғыстаудың өзі ғалымның күш салуының арқасында Қазақстанның құрамында қалды. Сондықтан біз экспедицияны қолдап қана қоймай, оның жүрген іздері бойынша жол көрсеткішті басып шығаруды шештік. Кітап отандастарымызды жолға аттануға, Үстірт шоқысына және еліміздің басқа да қызықты әрі көрікті жерлеріне баруға түрткі болады деп ойлаймыз, – деп әңгімеледі Ш.Есенов атындағы қор бағдарламаларының үйлестірушісі Нұрсұлтан Нұрмұханов.

Кітапта экспедиция қатысушылары тоқтаған өлкенің 14 қолдан жасалған және табиғи көрікті жерлері сипатталған. Жалпы саны  Маңғыстауда олар 11 мыңнан асаесептеледі. Жолнұсқа (орыс және ағылшын тілдерін қосқанда) үш тілде басылып шығарылған.  Оқырмандар жол көрсеткіште пошта арқылы жіберуге болатын фото-ашық хаттар, экспедицияның картасы, жолға шығар алдындағы кеңестер мен көрікті жерлердің қысқаша сипаттамаларын таба алады. Басылымда экспедиция қатысушыларының жоғары сапалы фотосуреттері пайдаланылған.

— Мен көп саяхаттағанмын және әлем бойынша осындай сапарларға көп қатыстым, бірақ Үстіртте көрген дүниелер маған мүлде басқа, ерекше сезімдер қалдырды. Бұл шабыт алуға болатын жер деп айтсам, артық болмайды. Ғарыштық пейзаждар, аса көркем жерлер, бұл жерде санаң тынығып, жаның қуат алып, түрлі сезімдерге кеңелесің, — дейді экспедиция қатысушысы, бизнесмен Ажар Джандосова.

— Бұл жерлерді мен бұрын көрген емеспін. Бірақ менің ішкі түйсігім мен жолға шығудың алдында қолымызда болған ақпарат біздің дәл сол жерге баратынымызға түпкілікті шешім қабылдауға көмектесті. Жасаған таңдауымыз дұрыс болып шықты. Керемет сұлулық, таңғажайып энергетика, түбектің өзіндік салттығы – мұның барлығын мен еліміздің осы көрікті аймағына келіп қайтып, сезінуді ұсынамын, – деп қосты Nomad Explorer ұйымдастырушылық комитетінің мүшесі Азамат Мұхаметжанов.

 

 

23.01.18, Жаңалықтар

Көру саны: 72

Другие новости