БИОЛОГИЯ ЖЕҢДІ

Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры ғылыми тағылымдама бағдарламасының байқауын аяқтады. Аталмыш байқауда жеңісті 10 студент қанжығаларына байлады. 2018 жылдың жазында  олардың барлығы да қор грантымен әлемнің ең үздік зертханаларына аттанады.

БИОЛОГИЯ ЖЕҢДІ

— Келіп түскен 62 өтінімнің ішінен лайықты деген 35 студентті таңдап алдық. Аталмыш студенттермен біз байқау финалында Алматы және Астана қалаларында кездестік. Биылғы жарыс қаздардың белсенді қатысумен ерекшеленді. Өтінімдернің жартысынан көбі қыздар қауымынан келіп түсті. Алғашқы рет байқаудың екінші кезеңіне Астана медициналық университетінің, С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің және де Satbayev University студенттері өтті. Бұрын бұл университеттердің студенттері финалға дейін жетпейтін, — деп іріктеуге қатысқан қордың бағдарламалар координаторы Жадыра Сарманова атап өтті.

Бұл жылғы жеңімпаздардың қатарында алты бірдей биология және медицина бағытында білім алып жатқан студеттер бар. Олар Семей мемлекеттік унверситетінің, Асфендияров атындағы ҚазҰМУ, Nazarbayev University және де «Астана» медициналық университетінің студенттері.  Жеңімпаздар қатарында, сонымен қатар физиктер, химиктер және де робототехниканың болашақ бір маманы бар.  Жеңімпаздар Астана және Алматы қалаларынан басқа да, Ақтөбе, Шымкент, Өскемен және Шар қалаларының (Шығыс Қазақстан облысы) тұрғындары. Соңғы айтылған қаланың өкілі бізбен өзінің байқаудан алған әсерімен бөлісті.

— Мен өтпей қаламынба деп қорықтым және қатты қобалжыдым. Ал тапсырманың өзін қиын деп айта алмаймын. Өзің сияқты адамдардың арасына түскенде және де олардың  әр қайсысы өзінің жетістіктері туралы айта бастағанда сәлде болса жүрексінесің. Топпен жұмыс болды, біздің топты үстел басына отығызып қойып екінші топ бізден сұхбат алды.  Дәл осы жерде  нағыз қобалжу басталды. Алайда одан да өттік. Қазіргі таңда мен тағылымдамадан өтетін зертхана іздестіріп жатырмын. Бұл, Америка болғанын қалаймын. Өз тәжірибемді Қазақстандағы өзекті мәселелердің бірі әйелдер арасындағы бедеулікпен байланыстырғым келеді. ЭКО және суррогаттық аналық бізде белгілі, ал мен жаңа әдістерді, мысалы аналық бездерді қайта отырғызу тәсілдерін зерттегім келеді, — деп хабарлады «Астана» медициналық университетінің 4 курс студенті Арайлым Майкенова.

Тағы бір ерекше сәттердің бірі, 10 жеңімпаздын 7 қыз. Бұл Ш.Есенов атындағы қордың ғылыми тағылымдама бағдарламасының тарихында алғашқы рет болып отыр. Бұған дейінгі жылдарда жеңімпаздардың көп бөлігін жігіттер қауымы құраған болатын.

— Гендерлік теңдікті сақтау бойынша  қандай да бір арнайы міндеттері  қойған жоқпыз. Бәрі де табиғи болды. Студент қыздардан 36 өтінім алдық, екінші кезеңге 20-сы өтті, ал жігіттер арасында 15 финалист болды.  Айталық, бұл жерде әлемдік тренд тек қыздардың шынымен де белсенді өтінім жіберіп, финалда өздерінің жеңіске деген құқықтарын жарқын көрсетуінде, — деді қордың бағдарламалар менеджері Ильзира Алдагарова.

Қазіргі таңда байқау  жеңімпаздары  үшін виза әзірлеу, тағылымдамадан өтетін зертханаларды анықтау кезеңі басталды. Есенов атындағы қордың бағдарламасы арқылы  қазақстандық студенттер ғылыми тағылымдамадан өткен  унвиерситеттер қатарында Принстон, Гарвард, Калтех, ETH және Сямынь сияқты университеттер бар.

 

 

 

18.01.18, Жаңалықтар

Көру саны: 58

Другие новости