Сарапшылар кеңесі

  • Ринат Ысқаков

    Сәтбаев Университетінің академиялық жұмыс және халықаралық ынтымақтастық Проректоры, ҚБТУ химиялық инженерия ҒБО жетекшісі.

  • Арман Сүлейменов

    Zero To One Labs және nFactorial Academy негізін қалаушы және бас директоры, Принстон университетінің түлегі.

  • Алмагүл Жанайдарова

    Materials Science/Chemistry бағыты бойынша Сан Диегодағы Калифорния Университетінің Ph.D ғылыми дәрежесіне кандидат.

  • Тілектес Адамбеков

    “Astana Invest” ЖШС бас директорының орынбасары, Тунцзи университетінің (Қытай) түлегі.

  • Олжас Сулейменов

    “SHEBERBUILD” құрылыс компаниясының бас директоры. “Дарын” мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Тунцзи университетінің (Қытай) түлегі. Шанхай қаласында өрттен зардап шеккен балаларға көмек үшін қан тапсыру алғашқы халықаралық қайырымдылық акциясының ұйымдастырушысы.

  • Ерлан Идельбаев

    Мерседтегі Калифорния Университетінің электрондық инженерия және компьютерлік ғылымдар факультетінің Ph.D студенті. Зерттеу бағыттары: машиналық оқыту, бейсызықтық оптимизациялар, нейрондық желілер, нейрондық желілердің сығылуы.

  • Алексей Георгиевич Зазыбин

    Ph.D, химия ғылымдарының кандидаты, Сәтбаев Университетінің және Қазақстан-Британ техникалық университетінің профессоры.

  • Нұрлыбек Қасымов

    Ph.D, Боулдердегі Колорадо Университеті. Үлкен көлемді ақпаратты өңдеу және талдау облысындағы бағдарламашы.

  • Эльдар Ахметгалиев

    Mocap Analytics компаниясының негізін қалаушыларының бірі, Sportradar мәліметтері бойынша аға маманы. Калифорния технологиялық институтының түлегі  (Ph.D).

  • Сағынкүл Еркімбекова

    North Caspian Operating Company компаниясының өндірістік процесстер инженері. “Органикалық заттардың химиялық технологиясы” мамандығы бойынша Қазақстан-Британ техникалық университетін бітірген.

  • Нұрлыбек Мұрсали

    PhD кандидаты, Стэнфорд университеті. Биотехнологиялар мамандығы бойынша Вирджиния штатының Джеймс Мэдисон Университетінің түлегі (бакалавр). Қазіргі кезде бағаналық жасушалар және эмбриологияны зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысуда.