ҰЛЫБРИТАНИЯНЫҢ ТІЛДІК МЕКТЕБІНДЕ ОҚУ БАЙҚАУЫ

Shakhmardan Yessenov Foundation Ғылыми-білім беру Қоры Ш.Есенов атындағы КМТИУ (Университет) студенттерінің бәсекелестік қабілетін арттыруға бағытталған ғылыми-білім беру бағдарламаларын іске асыруды жалғастыруда.

Жеңімпаз байқау нәтижесі бойынша Ұлыбританиядағы жетекші тілдік мектебінің арнайы бағдарламасы бойынша ағылшын тілін оқуға демеушілік көмегіне ие болады.

ҚАТЫСУШЫЛАР:

Қордың Ш.Есенов атындағы ҚМУТИ-мен және Bonas MacFarlane Kazakhstan-мен бірлесе өткізіліп жатқан ағылшын тілі Бағдарламасының қатысушылары, солардың ішінде:

  • 1,2,3-курс бакалавриат студенттері;
  •  1-курс магистранттары

БАЙҚАУ МЕРЗІМІ:

I кезең: Қатысу өтінімі және эссе: 06 мамырдан – 13 мамырдың сағат 18:00-ге дейін қабылданады

II кезең: Презентация: 22 мамырдан кеш қалмай өткізіледі

ЭССЕ ТАҚЫРЫБЫ:

If you want to conquer fear, don’t sit home and think about it. Go out and get busy. – Dale Carnegie.  Use an example from your life to agree or disagree with this opinion.

МАҢЫЗДЫ:

1. Эссеге қойылатын талаптарды осы хатқа тіркелеген Байқау Бағдарламасынан қараңыз.

2. Эссе міндеті – әр үміткерге барынша өз жеке тұлғасын ашып көрсетуге мүмкіндік беру.

Грамматика, дұрыс жазу, ойларын (coherence) және сөздерді (cohesion) байланыстыра білу бағаланады, бірақ I Кезең жеңімпаздарын анықтауға ықпал жасайтын шешуші фактор болып табылмайды.

ПРЕЗЕНТАЦИИ ТАҚЫРЫБЫ I Кезеңнен сәтті өткен студенттерге қосымша түрде хабарланады

Байқау өтінімі

9.05.15, Жаңалықтар

Көру саны: 68

Другие новости