Қайсар Дәуей

Мамандығы: медицина докторы. Тағылымдама: The University of Queensland, Аустралия

Медицина мектебінің магистранты Қайсар Дәуей Ташкент қаласының тумасы. 2018 жылдың басында 25 жастағы қазақстандық жігіт Ш.Есенов ат. ғылыми-білім беру қорыныі мамандарға арналған тағылымдамалар конкурсының жеңімпазы атанды.

Сізде биологияға деген қызығушылық қалай пайда болды?
Менің биологияға деген қызығушылығым университеттің бірінші курсында ашылды. Бізде керемет ұстаздар болды. Олардың біреуі – доктор Эммануэль Либертини — мен үшін ғылым әлемінің есігін ашты. Мен биологияның стандарттық эксперименттермен және зеріетіретін  дәрістермен шектелмейтініне көз жеткіздім. Биологиядағы және медицинадағы жаңалықтардың көбі жалпы қабылданған шындықтың шеңберінен шыға білген  Чарльз Дарвин, Галилео Галилей және Стивен Хокинг сияқты батыл адамдардың еңбектерінің арқасында болып жатқанын түсіндім.

Қор конкурсында жеңіп шығу оңай болды ма? Ол қалай өтті?
Бірден ескертейін, конкурсқа мен екінші талпыныстан кейін ғана  жеңіске жеттім. Алғашқы рет 2014 жылы мен финалға дейін жеттім, бірақ онда менің ойымша, маған дағдылар мен білімдер жетіспеді. Бұл жолы маған Медицина мектебінде алған тәжірибемді пайдалануға және шыдамдылық танытуға тура келсе де, конкурс тым оңай болып көрінді.

Тағылымдама қалай болып өтті?
Аустралияға мен жаздың ортасында келдім.  Куинсленд университетінің молекулярлық биологиялық ғылымдар институтының зертханасында тағылымдамадан өттім. Жұмыстың тақырыбы – балалардағы инфекциялар жүйелерінің биологиялық маркерлерін зерттеу. Мен  дәрігерлерге балаларда болатын  сепсистің (қанға жұқтыру) себептерін анықтауға мүмкіндік беретін генетикалық факторларды анықтауға тиіс болдым. Сепсис — бұл ағзаның инфекцияларға жауабы, және де ол тіндер мен мүшелердің зақымдануын тудырады, және ақырында, одан жыл сайын әлемде 6 миллион адам қайтыс болады. Мен бос уақытымды жағажайда өткіздім, ғалымдар мен саяхатшылармен таныстым, сонымен қатар өзіме Аустралияның флорасы мен фаунасын аштым. Бұл жердегі табиғат керемет әрі сан алуан: айбарлы бүкір киттерден бастап ботаникалық бақтарда гүлденіп жатқан бразилиялық жакарандаға дейін.

Сіз не нәрсеге қол жеткіздіңіз?
Біз сепсистің жаңа генетикалық маркерлерін анықтадық. Содан кейін ұзақ сынақтар, мақалаларды жариялау және клиникалық тестілерді жүргізу кезеңі болады. Және тек содан кейін ғана біздің зерттеулеріміздің нәтижелелері медицинада қолданылуы мүмкін. Мен мұның сепсистен адам өлімін азайтатынына үміттенемін. Ең бастысы осы. Тағылымдама кезінде мен геномдық деректердің өңдеуді, диагностикалық маркерлердің бағалауды үйрендім. Маған Локлан Койнның тобында жұмыс істеу өте ұнады. Ондағы біздің жұмысымыз үш ғылымның – математиканың, медицинаның, биологияның синтезі болды. Мен 90-шы жылдардың соңында Белоруссиядан келіп, Аустралияға қоныс аударған бір отбасымен – Ольгамен және Александрмен, олардың балаларымен таныстым. Біз серуендерге щықтық, ұлттық паркке бардық, сондай-ақ сырласып әңгімелесумен уақыт өткіздік.

Әрі қарай немен айналысасыз?
Мен тәжірибелік дәрігер болуды ұйғардым. Әзірше үйде Медицина мектебінде сепсисті зерттеуді жалғастырамын, паллиативтік медицина бойынша мақала шығарамын, ал кейін есептеу геномикасы – адами геномның деректерін жасушалық деңгейде талдауға мүмкіндік беретін, мұны дербестендірілген медицинада пайдалануға болатын ғылым бойынша докторантураға оқуға түсуді жоспарлап отырмын. Онкологиялық және жұқпалы ауруларды  зерттеуді де жалғастырғым келеді.

 

6.12.18, Жетістік тарихы

Көру саны: 73