Камалхан Артықбаев

Мамандандығы: ақпараттық жүйелер. Тағылымдама: University of Maryland, АҚШ.

Бұл сұхбаттың кейіпкері Сүлеймен Демирель Университетін тәмамдап, ал 2017 жылы академик Ш.Есенов атындағы қордың конкурсын жеңіп, Мэриленд университетінде Автоматтандыру жөніндегі зерттеулер орталығында (Center of Automation Research) үш айлық тағылымдамадан өтті. Үшаралдан келген жігіт әлемнің ең заманауи зертханаларының бірінде жұмыс істеп, қандай тәжірибеге ие болды?

Cіз университетке түскен кезде, неліктен «ақпараттық жүйелер» деген мамандықты таңдадыңыз?
Математика мен физиканы ұнататындар үшін мамандықтар өте көп. Сондай-ақ менің де таңдауыма кезек келген кезде қиын болды. Бірақ мен іш пыстыратын деп санайтын ғылыммен байланысы жоқ бір нәрсені қалағанымды анық білдім. Мен математикадағы өз білімдерімді тәжірибеде қолдана алу қолымнан келетін бір мамандық іздедім. Және де дәл осы таңдаған мамандығымның арқасында менің өмірімде мен бұрын көрмеген бір «жаңалық» пайда болды. Алайда, тереңірек қарап, мен компьютерлік ғылымдар әлемі өзіне барлыққа жуық ғылымдарды біріктіруге қабілетті екенін көремін. Сол себептен ғылымсыз ешнәрсе болмайды J.

Тағылымдамаға арналған конкурсты жеңіп алу: оңайдың оңайы?
Конкурсты
жеңіп алу оңай болған жоқ. Мен үшін ең ауыры екі турдың нәтижелерін күту болды, бірақ әңгімелесу кезінде толықтай бағытсыздану – бұдан да ауыр. Мен өзімді қалай ұстауды, нені айтуды білмедім. Басқа университеттен келген конкурс бойынша менің жолдастарым да сондай күйде болды. Менің ойды жинақтап, өзің болып қалу, өзіңді қарапайым ұстау, әдеттегідей сезіну керектігін түсінгенім сол сәтте жақсы рөл атқарды деп ойлаймын. Менің ойымша, осы нәрсе өте маңызды.

Сіздің тағылымдамаңыз қалай өтті?
Мен профессор Ларри Дэвистің тобында жұмыс істедім. Автоматтандыру жөніндегі зерттеулер орталығы компьютерлік көру қабілетімен және машиналық оқытумен байланысты жобалармен айналысады. Тағылымдаманың мақсаты төңіректің фотосуретін және оның метадеректерін пайдалана отырып (яғни, кескіннің өзінен алынған ақпаратты – геопозицияны, түсірілім күнін, фокусты және т.б.) ауа рай жағдайларын, ылғалдылықты және уақытты айырып танитын нейрондық желіні құрастыру. Мен адамдардың беттерінің фотосуреттері бойынша күн еңісінің бұрышын айрып тани алатын және есептей алатын желіні құрастырумен нақты айналысамын. Азимут пен уақыттың көмегімен біз бейненің геолокациясын білеміз. Тағылымның соңында біз күн еңісінің бұрышын максималды кателікпен анықтайтын толық масштабты нейрондық желіні құрастыруды шештік. Зертханада мен алғашқы рет көргенде, оғаш мінезді болып көрінетін, бірақ өте қызықты адамдармен таныстым. Менің профессорыммен өте жақсы қарым-қатынас қалыптасты, біз әлі күнге дейін араласамыз. Ия, мен тіпті Вашингтонда Coldplay концертіне де баруға үлгердім – бұл мен үшін, сондай-ақ келіп, топтың солисті Крис Мартинмен бірге дауыстап ән шырқаған 55 000 көрермен үшін ұмытылмас әсер. Және де, әрине, мен америкалық астананың мұражайларының және көрнекі жерлерінің барлығын жаяу аралап шықтым деуге де болады.

Келешекке жоспарлар қандай?
2017-2018 бүкіл оқу жылын мен компьютерлік көру қабілетіне, олардың математикалық құрамдас бөлігін терең зерделеуге арнадым. Кескіндегі логотиптерді айырып танумен байланысты дипломдық жұмысты жаздым. Nazarbayev University компьютерлік ғылымдар саласындағы магистратураға түстім. Оқуды аяқтаған соң Торонто университетіне немесе швейцариялық ЕТН-ге компьютерлік ғылымдар және математика докторантурасына түсуді жоспарлаймын. Қазір мен Petrel AI компаниясында деректер талдаушысы болып жұмыс істеймін. Біз индустрияның міндеттерін шешу үшін терең және машиналық оқытуды қолданамыз.

31.07.18, Жетістік тарихы

Көру саны: 56