2018-ЖЫЛ ҚАНДАЙ БОЛМАҚ?

Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қоры биыл өзінің 5 жылдық мерейтойын атап өтеді. Былтырғы бір жылдың өзінде қор 28 жобаны жүзеге асырылып, 7000 адамға қаржылай жәрдем берілді (гранттар, стипендиялар, т.б.),  білім беру қызметтері, өзге де қолғабыс түрлері көрсетілді. Біз 2017-жылдың қорытындыларын тұжырымдадық, коммерциялық ұйымның 2018-жылы алдына қойып отырған мақсаттары қандай? Осы сауалға қордың атқарушы директоры Айғаным Малишева жауап берді.

— Қордың бағдарламалар портфолиосында осы маусымдағы басты жаңалығы — магистратурада оқуға арналған білім гранттары. Байқау бағдарламасының бастамашылары қор құрылтайшысы Ғалымжан Есенов пен қордың қамқоршылар кеңесінің басшысы Айжан Есім. Конкурс 2-сәуірде басталады. Оған 4-курс студенттері немесе дәрежесі бакалаврдан жоғары емес және ЖОО соңғы 5 жыл ішінде бітірген жас ғалымдар қатыса алады. Олардың техникалық немесе жаратылыстану ғылымдары бағыттары бойынша ғылыми ізденістермен айналысып жүргені маңызды талап. Оларда магистрлік бағдарлама бойынша өз ғылыми бағытына сәйкес шетелдік ЖООна шақыруы бар болуы қажет. GPA деңгейі 3,3 баллдан төмен болмауы тиіс. Білім алудың қымбат болуына байланысты, оның ақысы бірнеше ондаған мың долларға немесе евроға жетеді, сондай-ақ апробациялау үшін бағдарламаның жаңашылдығы себебінен, Қор осы жылдың бюджетіне 2 білім беру грантының ғана ақысын қосып отыр. Әңгіме бір жылдық магистратура турасында.

Біз өткен жылы жақсы нәтиже берген Ұлыбританияның зертханаларында тағылымдамалардан өту бағдарламасының да форматын жаңартамыз. Енді ол – әлемнің зертханаларында мамандар мен магистранттардың тағылымдамаларыКонкурсқа қатысуға өтінімдерді бүгін – 8-қаңтардан бастапқабылдай бастадық. Біз, сондай-ақ, Британияның ғана емес, Еуропаның, Азияның ғылыми зертханаларында тағылымдамалардан өту үшін бес гранттыұсынамыз. Жаңа бағдарламаның осыдан бес жыл бұрынғы әлемнің зертханаларында ғылыми тағылымдамалардан өтуінен айырмашылығы неде деп сұрағыңыз келер. Жаңа бағдарлама 2-3-нші курстардың студенттері үшін емес, ең алдымен әрекеттегі ғылыми қызметкерлер (дәрежесі магистратурадан төмен емес), және сонымен бірге — бакалавриаттың соңғы курсының студенттері немесе магистранттар үшін арналған. Осы бағдарламаның аясында жас ғалым өзі жүргізетін зерттеулермен айналысатын зертхананы өздігін тауып алуы тиіс. Конкурс жеңімпаздарына біз тағылымдамадан өту, сол елдегі тұрмысы, ұшып жетуі мен өзге шығасыларын төлейміз. Биыл осындай гранттардың саны – 5.

Ақпан айында қорға бес жыл толады, бағдарламаларымыздың жыл сайынғы қатысушыларымен – студенттермен және мамандармен – кездесулеріміздің биылғысы – осы мәселеге арналады. Ол дәстүрлі түрде Наурыз мейрамының қарсаңында өтеді. Осы жылғы кездесудің бағдарламасы қанық, пайдалы, қызықты болады, өйткені кедесудің бір бөлігі – тренинг.

Мерейтойлық жылды біз тағы жаңа жобанының бастамасымен — Yessenov Data Lab жазғы мектебімен атап өтпекпіз. Бұл жобаны біз AlmaU-мен бірге олардың базасында іске асырамыз. Зертхананың мақсаты – қазақстандықтарда деректерді талдау саласында өзекті біліктіліктерді дамыту. Осы бағыт қазір бүкіл әлемде қарқынды дамытуда. Кейбір мамандардың пайымдауынша, ақпараттың үлкен ауқымымен жұмыс істеу – алдағы он жылдықта ең үлкен сұранысқа ие мамандық болады, және data science саласындағы мамандарға сұраныс қазіргі таңда ұсыныстан әлдеқайдан жоғары. Біз, сондай-ақ, Қазақстанда деректерді талдаумен айналыса алатын күшті инженерлер мен математиктердің бар екенін білеміз. Бізге осы жәйт осындай бағдарламаның идеясын жүзеге асыруға серпіліс берді. Yessenov Data Lab-та IT бэкграунды бар 20 маман оқитын болады. Оқыту екі бағытта : IT программисттер мен IT-жобаларының менеджерлері үшін орындалады. Білім алған соң жастар банкілік, телекоммуникациялар және интернет саудасы салаларындағы қазақстандық компаниялардың кейстерімен жұмыс істейтін болады.

Қордың жылдар бойы әрекеттегі бағдарламалары мен жобалары: әлемнің зертханаларында тағылымдамалар, АҚШтың IT-стартаптарында тағылымдамалар, «Есеновтік оқулар», стипендиат бағдарламасы, «Тілектер шыршасы», Ағылшын тілі бағдарламасы және басқалар қолданыстағы форматта және режимде жүзеге асырылатын болады.

Академик Шахмардан Есенов атындағы 0ор Қазақстандық шахмат федерациясына демеушілігін де жалғастырады, шахматтан республикалық және халықаралық турнирлер өз жалғасын табады. Біз «Мектептегі шахмат»бағдарламасын да жалғастырамыз, жобаға 2017-жылғы сәуір айынан тартылып отырған Қызылорда, Павлодар облыстары мен Алматы қаласына енді Солтүстік Қазақстан облысы да қосылады, тағы да бірнеше облыс жобаға қатысуға қызығушылық танытты.

8.01.18, Жаңалықтар

Көру саны: 68

Другие новости