51 ТІЛЕК ОРЫНДАЛДЫ

Талғар қаласындағы (Алматы облысы)  «Нұр» отбасылық балалар үйінде тәрбиеленіп жатқан 51 бала Ескі жаңа жыл қарсаңында сыйлықтар алды. «Тілектер шыршасы» өз мәресіне жетті. 

51 ТІЛЕК ОРЫНДАЛДЫ Акцияның мақсаты тағдырдың айдауымен өмірдің талқысына түскен, қиын өмірлік жағдайды бастан өткізіп жатқан балаларға осы мереке күндері аз да болса, көңіл бөлу.

— Әр жыл сайын біз балалары көмекке тапшы ұйымды таңдап, сол жерге барып балалармен тілдесіп, олардың тілектерін жазып алып, Ескі жаңа жыл қарсаңында сыйлықтарды тапсырамыз.  Тілектерді орындауға бізге жанашыр қазақстандықтар көмектеседі. Біз оларға БАҚ және интернет арқылы үндеу тастаймыз. Осы жылы «Тілектер шыршасына» 50-ге жуық қазақстандық отбасы қатысты. Бірі балаларға, ал екіншілері балалар үйіне өз сыйлықтарын жасады. Дәл осы үлкен тату отбасының өмірі біз келгенге дейінмен садыстырғанда сәл де болса жарқынырақ бола түскеніне сенемін,  — деп акцияның ұйымдастырушысы және Шахмардан Есенов атын. ғылыми-білім беру қорының бағдарламалар үйлестірушісі Григорий Ли айтып өтті.

Аяз атадан сыйлық алған балалардың ең кішісі Нұржаусын Қойайдарова екі жаста, ал ең үлкені Жұмат Ахметов 17 жаста. Акция басталған сәтте «Нұр» балалар үйінде 46 бала тәрбиеленіп жатқан болатын, алайда желтоқсан айының соңына қарай балалардың саны 51-ге жетті. Осы үлкен отбасына тастанды екі ағайынды бауырлар және де ағайынды екі ұл мен олардың қарындастары қосылды (әкелері қайтыс болған, ал аналары ішімдіккке салынған).

— Мен өзім жетім өстім және оның қалай екенін білемін. 19 жыл бұрын біз жұбайымыз екеуміз балалар үйін құрамыз деп шешім қабылдадық. Ұйымдастырушылардың өздері келіп бүлдіршіндер мен жасөспірімдердің өздерінен Аяз атадан нені қалайтындарын сұрағандарына қуаныштымыз. Күнделікті қажетті  заттармен балаларды қамтамасыз етеміз, және де олардың қалаулары өте қарапайым, — деп отбасылық балалар үйінің директоры Тұяқ Есқожина айтып өтті.

Акция ұйымдастырушылары көктемде жоғарыда аталған балалар үйінің бүлдіршіндері ойнайтын, сабақтарына дайындалатын, кино қарайтын акт залында жөндеу жұмыстарын жүргізетін құрылыс компаниясын тапты. Ал балалар өз кезегінде Аяз атадан сыйлыққа  спорт формасын, қуыршақтар мен радио басқармалы машиналар, ұялы телефондар мен сағаттар сұрады. Бәріне де аяқ киім мен киім-кешектер қажет болды. Осы 8 жыл ішінде «Тілектер шыршасы» 250 жуық қазақстандық балалардың тілектерін орындады.

 

 

15.01.18, Жаңалықтар

Көру саны: 66

Другие новости