Ислам Мәденият

Мамандығы: мобильдік қосымша әзірлеу. Тағылымдама: ShotTracker Inc.

Футбол мен сноубордты жаны сүйетін Ислам Балқаш көлінің жағалауында дүниеге келген, ал мобильдік қосымшаны әзірлеуді Suleyman Demirel University-де зерттеп, үйренген. Өзінің 24 жасында ол Шахмардан Есенов атын. қордың байқауында ShotTracker стартапында тағылымдамадан өту мүмкіндігін жеңіп алды. Алайда, қалыптасқан дәстүрге қарамастан ол тағылымдамадан өтуге Кремний алқабына емес, стартаптың штаб-пәтері Орталық Батыста орналасқан, Канзас-Ситиге аттанды.

Мобильді қосымшаларды дайындауға деген қызығушылық Сізде қайдан пайда болды?
Университеттің екінші курсында бізде қосымша әзірлеудің платформасын таңдау құқығымен пән болды.  Ең алғаш сол кезде Android-та қосымша әзірлеудің дәмін татып көрдім.   Және https://tinkertech.kz/де ең бірінші, жазғы машықтану кезінде, досым екеуміз әзірлеген қосышамыз қазақ тіліндегі «Интуиция» оқыту ойыны болды.  Бәлкім, сол сәтте мен өзіме қосымшалар әзірлеу ұнайтынын түсінген болармын. Және уақыт өте қызығушылығым тек қана арта түсті.:)

Қор байқауы несімен есіңізде қалды?
Бәлкім, мен стартап өкілдерімен кездескен сәт, яғни іріктеудің соңғы кезеңі. Олардың әр қайсысы бір-біріне ұқсамайды, жеке дара, әрі қызмет бағыттары да әр түрлі. Бірі видео стримингпен айналысса, екіншісі корпоративтік чатпен, ал үшіншісі тіпті автокөліктерді басқаратын жасанды интеллект жасаумен айналысады. Ал, осындай адамдармен қарым-қатынас шабыттандырады десемде болады.

Тағылымдамаңыз қалай өтті?
Мен жарты жыл тағылымдамадан өткен компания нақты уақыт режимінде баскетбол ойындарының статистикасы және аналитикасын ұсынумен айналысады. Мен ShotTracker-ге олардың Android-тағы мобильді қосымшаларын дамытуда көмектесуге келдім. Бұл қосымшалардың оларда бірнешеуі бар: ShotTracker Team, ShotTracker Player және ShotTracker Fan. Соңғысына уақытымның ең көп бөлігін жұмсадым. Жалпы, спорт индустриясының сандарға байлығы соншалықты, тіпті оны айтишник үшін таптырмас қазына десекте болады, әсіресе, үлкен деректермен айналысатындар үшін. ShotTracker қосымшалары арқасында алынған деректер команда мен ойыншылардың көрсеткіштерін жақсарту және жетілдіру мақсатында белсенді қолданылуда.

Ислам, Сіз неге қол жеткіздіңіз, не үйрендіңіз?
Тағылымдамаға дейін мен қосымша әзірлеудегі жаңа технологияларды зерттеумен айналыса бастағам, ал ShotTracker-де маған олардың ShotTracker Fan қосымшасында алған білімімді өмірде қолданып көру мүмкіндігі туды. Бірнеше ай ішінде мен нақты уақыт режимінде ойын процесін көрсететін 3D форматындағы модульді әзірлей алдым. Сонымен қатар, аталмыш модульді ұқсас iOS қосымшасына да қосуға болады. Осы ерекшеліктер арқасында, біз бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеуде ақша мен уақытты үнемдедік. Маған ShotTracker қызметкерлері қатты ұнады. Олардың көрсеткен қолдаулары жүйелеріне бейімделуіме, өзімнің кәсіби дағдаларымды жақсартуыма көмектесті.  Қазақстанға оралғаннан кейін, олармен қашықта жұмыс жасауды жалғастырудамын.

Штаттарда болған жарты жыл ішінде қандай қызықты жайттар болды?
Америка өте үлкен және әртүрлі ел. Және ең қызықты оқиғалар басқа қалаларға саяхатым кезінде болды. Бірнеше рет тамақ фестивальдерінде, өнер көрмелерінде және т.б. мәдениет орындарында болдым. Сан-Францискода маған Android Dev Summit іс-шарасына бару бақыты туды. Ол жерде мен әлемнің әр бөлігінен келген андроид-әзірлеушілерімен танысып, қарым-қатынас орнаттым.  Сондай-ақ, аndroid-коммюнитидің белгілі тұлғаларымен тілдесу, тіпті селфи жасау мүмкіндігі туды — олардың видеоларын және блогтарын біз технологияны зерттеуде қолданамыз. Тағы бір жарқын, есте қалған сапар – Миссури штатындағы Озарк өзені. Оның ерекше болуының себебі, қатты жаңбырлы түні орманда қондық және дәл сол күні, 24 жыл бұрын мен дүниеге келдім. Сонымен қатар, сол түні бізді ештеңенің жеп қоймағанына қуаныштымын. J Әрине, сондай-ақ, MIT, Бостон және Гарвардқа болған сапар, кампустардың әсерлі ауқымдары, әр түрлі факультеттердің әдемі ғимараттары және де атмосфералық кітапханалар ерекше есте қалды.  Сол жерде тұрып: «Келесі жылға құжаттар тапсырсам ба екен? Неге болмасқа?!» – деген ойлар еріксіз келеді.

Сіз үйіңізге жаңа жыл қарсаңында оралдыңыз, мүмкін, бірден болмаса да, алдағы бір-екі жылға жоспар құрып үлгерген боларсыз?
Күмәнсіз, ShotTracker  тағылымдамасы кезінде алған тәжирибем маған тек қана кәсіби жолда ғана емес, сондай-ақ өмірлік жолымда да көмектесетіні сөзсіз. Канзас-Сити маған жұмыстан басқа, жаңа сезімдер, достар, саяхат және білім сыйлады. ShotTracker-мен мен қашықтықта жұмыс жасауды жалғасытрудамын, алайда толық мөлшерде емес. Қазақстанға оралысымен, TinkerTech жергілікті әзірлеушілер  командасына қосылдым. Мұнда біз автокөліктердің сыйақылық кар-шэринг сервистеріне арналған, Anytime Prime қосымшасымен жұмыс жасаудамыз. Алдағы жылдарға өзімді әзірге осы компаниялармен байланыстырамын.

 

18.03.19, Жетістік тарихы

Көру саны: 502