Гүлжаухар Нұрділдаева

Мамандығы: химия, медицина докторы. Тағылымдама: the University of Queensland, Австралия.

Он жеті жасында қызылордалық Гүлжаухар бас қаласындағы белгілі оқу орындарының бірі Nazarbayev University-ге оқуға түсіп, төрт жыл химияны зерттеді. Бакалавриатты бітіргеннен кейін академик Ш. Есенов атындағы қордың байқауына өтінім беріп, қор жеңімпазы атанып,  Австралияға фармакология бойынша тағылымдамаға аттанды.

Тағылымдама туралы толығырақ айтып өтсеңіз?
Мен Квинсленд университетінің химия және молекулалық биология ғылымдары мектебінде тағылымдамадан өттім. Ол оқу орнын таңдаған себебім, онда фармакология саласындағы әлемдегі ең үздік профессорлардың бірі жұмыс істейді. Мен фарингиттен жүрек-қан тамырларына дейін көптеген ауруларды тудыратын S. Pyogenes бактериясына қарсы вакцина жасау жобасына қатыстым. Профессор Иштван Тоттың басшылығымен жұмыс істедім. Және бұл тәжірибе менен нағыз зерттеуші жасады.  Мен қиындықтарға дес бермей төтеп беруді үйрендім. Мысалы, жеңіл массамен ақуызды синтездеу мүмкін болмаса да  қышқыл ақуызды синтездеуді үйрендім. Көп еңбек еттім, нәтижесінде ең күрделі ақуызды синтездедім.

Тағылымдама барысында қандай нәтижеге қол жеткіздіңіз? Вакцинаны шығара алдыңыз ба?
Бұл саладағы сарапшылар орта есеппен, вакцина алу үшін,  он бес жылдан бірнеше жүз жылға дейін жұмыс істейді. Тіпті егер мен бүкіл вакцинаны синтездей алмасам да,  микротолқынды ақуыздарды синтездеуді үйрендім. Спектроскопия, сұйықты хроматография сияқты және т. б. ең соңғы технологиялар саласындағы дағдыларымды күшейттім.  Бір кездері мен бұл технологияларды тек теорияда ғана білдім, енді оларды іс жүзінде меңгердім. Профессор соңғы 20 жыл бойы вакцинамен жұмыс істеді. 20 жыл зерттеген салада 2 ай ғана тағылымдамадан өту әрине аз.  Бірақ осы аз уақыт ішінде командада жұмыс істеу тәжірибесін алдым, өз зертханалық дағдыларын қалай дамыту керектігін түсіндім. Тағылымдама маған химиядан кейін медицинаны және нақты фармакологияны үйренгім келетінімді түсінуге көмектесті. Және кім біледі-мүмкін, бір кездері дәрі-дәрмек шығаратын зауыт ашатын шығармын.

Гүлжаухар, алға қойған жоспарларыңызбен бөлісе отырсаңыз?
Мен алдыма бүгінгі таңда емделмейтін аурауларға қарсы дәрі-дәрмек ойлап табу туралы мақсат қойдым. Егер мен химиядағы білімім мен медицинаны байланыстырсам бұл ойлаған жоспарым іске асатынына сенімдімін. Брисбейндегі тағылымдама менің болжамдарым негізсіз екенін көрсетті. 2022 жылы Медицина мектебін аяқтағанда, шетелде фармакология саласында докторантураға түсуді жоспарлап отырмын.

Ғылымнан басқа қандай қызығушылықтарыңыз бар?
Бос уақытымды фитнеспен айналысуда, жаттығу залында өткіземін. Әр  түрлі компьютерлік бағдарламаларды өз бетімше үйренемін. бірақ бұл тағы да ғылым болып кетеді. Ыстық жаз айында үйде демалысымды өткізуге келдім. Демалыспен қатар медицина саласынан онлайн курс оқып жүрмін, сондай-ақ, испан тілін үйрену үстіндемін.

22.07.19, Жетістік тарихы

Көру саны: 60