Гүлайым Сағандықова

Мамандығы: Химиядағы жаратылыстану ғылымдары. Тағылымдама: Open University, Ұлыбритания.

24 жастағы Гүлайым Семей қаласының тұрғыны. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ бітіріп, қазір Польшадағы Николя Университетінде докторлық дәрежесін алып жатыр. 2017 жылдың қысында ол Британияның ең үздік жоо бірінде үш айлық тағылымдамадан өту грантын жеңіп алып, жаз айында Ашық университеттің кампусында орналасқан Милтон Кинсте тағылымдамадан өтті.

Грант байқауы немен есіңізде қалды?
Маған қатты әсер қалдырғаны – біздің өтінімдер жеңімпаздардың тағдырларын өздері шешетін, британдық профессорларға бағалауға жіберілді. Байқауға өтінім берген сәтте магистрлік диссертацияны қорғап, докторантураға түсуге дайындалып жатқан едім. Бұны мектеп қабырғасында жүргенде жоспарлап қойғанмын, алайда дайындық деңгейім жеткілікті ма  деген күмән кедергі болды. Ал, байқаудың екінші кезеңіндегі жеңіс маған өз мүмкіндіктеріме сенуіме, тағылымдамадан сәтті өтуіме және де сол жылдың қараша айында докторантура бағдарламасын оқуды бастауыма көмектесті.

Тағылымдамаңыз қалай өтті?
Мен профессор Николас Тернердің масс спектрометрия, жоғары сезімталдық зерханасында тағылымдамадан өттім, сонымен қатар профессор Герайнт Морганмен жұмыс жасадым. Алғашында мен су жаңа жабдықтар —газдық хроматографтармен және масс-спектрометрлермен жұмыс жасау оқу-жаттығу сабақтарынан өттім, автоматты жүйе  үлгілерін талдауды зерттедім. Біз ағынды сулардағы эстроген — стероидты жыныс гормондарының мөлшерін талдау әдістемесін жасадық. Қоршаған ортадағы артық эстроген адамдар үшін де, жануарлар дүниесі үшін де қайтымсыз мәселелер туғызуы мүмкін.  Мысалы, бұл эндокриндік және репродуктивті жүйелерді қатерлі ісік ауруларына әкеліп соқтыруы мүмкін.

Тәжірибе барысында қандай да бір мәселелер туындады ма?
Иә, алынған нәтижелердің ауытқуы 50 % жетті.  Мәселенің көзі кез келген жерде, яғни құралдардан бастап зертханалық ыдыстарда болуы мүмкін болды. Біз көптеген қосымша тәжірибелер жүргіздік. Мәселенің түп тамырын анықтау қиынға соқты, сондықтан да көп уақытты тәжірибені жоспарлау алды. Бірнеше рет жүргізілген тәжірибеден кейін біз ауытқулардың рұқсат етілген шегіне дейін жеттік (10 % төмен). Құрал-жабдықтармен де кедергілер туындады, мысалы, оның бағдарламалық қамтамасыз етілуі.

Тағылымдаманың соңында қандай жетістіктерге жеттіңіз?
Мен жаңа жабдықта жұмыс істеуді үйрендім. Еіншіден, алынған нәтижелер көлемі біз жоспарлағаннан аз болғанымен, қолдануға болатын газдық хроматографта гормондарды талдау әдістемесін әзірледік. Үшіншіден, профессор Морганды менің ҚазМУ-дағы  ғылыми жетекшілерімнің бірі – профессор Болат Кеңесұлымен таныстыру, және осылайша біздің университеттер арасында серіктестікті жолға қоюға мүмкіндік туғызу  мен үшін қуаныш болды.  Профессор Морганды оның ғарыштық зерттеулері туралы дәрістер циклін оқуға Қазақстанға шақыруы әдбен мүмкін. Ол маған университеттерге ақысыз жұмыс жабдығын беретін фармацевтикалық компанияны ұсынды.  ҚазМУ-да бұл өте көкейкесті мәселе, себебі , орта есеппен алғанда, бізде зерттеулер жүргізу үшін 15 студентке жабдықтың 3 бірлігі ғана келеді.  Мен ағылшын профессорларымен қазіргі кезде де байланыстамын.

Гүлайым, әрі қарай не?
2020 жылы,  докторантураны бітіргеннен кейін, мен өзімнің мансабымды Ұлыбритания университеттерінің біріне   post-doc  зерттеушісі  позициясына өтінім беріп  жалғастыруды жоспарлап отырмын .  Ал, ұзақ жоспарлар туралы айтатын болсақ, дербес ғалым болып, ғылыми топ құрғым келеді.  Кембридж және Оксфорд университеттері, Стивен Хокинг кабинеті, Оксфордтағы тарих және ғылым мұражайы, заманауи түрлердің эволюциясына климаттың әсерін зерттеудің ғылыми орталығы  мен тағылымдама кезінде болған барлық жерлер мені осыған шабыттандырды.  Ағылшындардың зертханада жұмыс істеу жүйесі және қауіпсіздік техникасы да үлкен әсер қалдырды. Мен оларды  Қазақстанға енгізуге тырысамын.

27.04.18, Жетістік тарихы

Көру саны: 509