«МАРВЕЛ» СТИЛІНДЕГІ ФИЗИКА

«Не? Қайда? Қашан?» ойындарының біреуінде мынадай сұрақ қойылды. Джек Либердің ұлы мансабының басында қаралама жұмыспен айналысты, оның әріптестері кезекті бөлікті аяқтаған соң, ол өшіріп жүрді. Стэнли нені және қайда өшіріп жүрді? Академик Шахмардан Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының қазір қандай жобамен жұмыс істейтіні жайлы түсінік бұл сауалға жауап береді.  Оның мақсаты – қазақстандық кіші сыныптар оқушыларына физика туралы түсінік беру.

Суретшілер комикстің келесі бетін жасауды аяқтаған соң, Стэнли Либер қарындашпен жасалған артық қаралама жазбаларды өшіріп жүрді. Кейіннен Либер көптеген суперкейіпкерлерді өзі жасады және де Marvel Comics компаниясының негізін қалаушы болды. Қазақстандық ғылыми-білім беру қоры неліктен комикстермен айналысуды ұйғарды?

— Біз нақты ғылымдардың дәріптеушісі және қызықты жанрдың негізін қалаушы, математик және физик Яков Перельманның «Қызықты физика» кітабының желісі бойынша серияны басып шығаруға дайындалып жатырмыз.Комикс қазақ және орыс тілдерінде 10 жастан және одан жоғары жастағы балаларға физика заңдарын қолжетімді түрде түсіндіріп береді, олардың күнделікті өмірде әр минут сайын олармен кездесетінін және тіпті, мұны байқамайтынын көрсетеді. Бұл жергілікті суретшілермен жасалған жалпы қазақстандық өнім болады. Біз Қазақстанда зияткерлік түрде, оның ішінде комикс сияқты осындай жақын әрі түсінікті нысан арқылы неғұрлым көп баланың дамығанын қалаймыз, – деп айтты жоба жетекшісі Нұрсұлтан Нұрмұханов.

Есенов атындағы қор конкурс өткізіп, барлық үсыныстардың ішінде қазақстандық нарықта 2011 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Khan Comics арт-студисымен ынтымақтастықты таңдады. Оның командасында 4 кәсіпқой: бір сценарийші және 3 суретші бар.

— Біздің студиямыз Қазақстанда ғана емес, сондай-ақ одан тыс жерде таралған 50-ден астам комикс шығарды. Осыған қарамастан, аталған жоба біз үшін – ерекше және күрделі міндет. Біз өнімнің қарқынды болатынына және де балалардың оларды қызығушылықпен оқитынына сенімдіміз, – деп бөлісті Khan Comics арт-студиясының басшысы Оразхан Жакуп.

Бірінші шығарылымда сюжет бойынша кейіпкерлер Шарын шатқалына түсіп, мұнда Физикамен танысады. Одан әрі олар еліміздің басқа да қызықты жерлеріне барады. Сөйтіп, шығарушылардың ойы бойынша, жас оқырмандардың бірмезетте туған елімізбен де танысуы өтеді. Комикстер келесі жылдың басынан бастап Қазақстанның қалалары бойынша тарайды. Әрбір шығарылымның басып шығарылған тиражының бір бөлігі еліміздің жалпы білім беретін мектептердің кітапханаларына тегін табысталады.

19.07.18, Жаңалықтар

Көру саны: 158

Другие новости