«ЕСЕНОВ ОҚУЛАРЫ»: 3-МАУСЫМ

26-шы сәуірде Ш. Есенов атындағы қордың «Есенов оқулары» атты бағдарламасы өзінің үшінші маусымын биолог, биоинформатика және drug-design* саласындағы маман Петр Власовтың (Centre for Genomic Regulation, Испания) лекциясымен аяқтайды.

Маусымның финалы өте қызықты болып шықты. 20-шы сәуірде Қ. Сәтбаев ат. ҚазҰЗТУ-де геолог-студенттердің алдында пайдалы қазбалардың кен орындарын болжаудың жаңа әдістері туралы «Жерді дистанциялық зондылау және соққылы-жарылғыш технологиясы» атты тақырыбымен Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі Борис Зейлик сөз сөйледі.

Ал 25-ші сәуірде Сүлейман Демирель Университетінде «Есенов оқуларын» Steelhead Productions президенті Шон Комбс және Guidant Financial Group президенті Джереми Эймс жүргізді (екеуі де – АҚШ-тан). Олар студенттермен өздерінің стратегиялық көшбасшылық саласындағы тәжірибесімен бөлісіп, команданы қалай басқару және оны идеядан бастап жүзеге асыруға дейін қалай жүргізу жөнінде айтып берді.

Академик Ш. Есенов ат. Ғылыми білім беру қорының бұл жобасы шеңберінде 2014 жылдан бастап біз 45 лекция өткіздік, оларға шамамен 3 мың студент қатысты, ал оқулар Қазақстанның 12 жоғары оқу орындарында болып өтті.  Дәрістерді өз саласының 33 сарапшысы өткізді. Әдетте біз білім алушыларға емтихандарды тапсыруға, дипломдық жұмыстарды қорғауға дайындалуға кедергі болмау үшін, маусымды емтихандық сессия басталмас бұрын аяқтаймыз, — деді бағдарлама үйлестірушісі Григорий Ли. — Оқулардың төртінші маусымы биылғы жылғы қыркүйек айының соңында еліміздің жоғары оқу орындарында жаңа оқу жылымен басталады. Біздің жаңа маусымға арналған жоспарымыз өте көп. Және де қазіргі таңда біз салаларды кеңейтіп, олардың ішінен сарапшыларды қонақ спикерлер ретінде шақырамыз деп және де мемлекеттік және ағылшын тілдерінде лекцияларды өткізуді жалғастыратын боламыз деп нақты айтуға болады.

Аяқталатын оқу жылында Ш. Есенов атындағы қордың «Есенов оқуларына» қаржыгер Мағжан Әуезов, оқытушы Алистер Нил, қоғамды дамыту жөніндегі маман Айнұр Абсеметова, венчурлік қаржыгер Евгений Тимко, альпинист Мақсұт Жұмаев, қордың қамқоршылар кеңесінің мүшесі Эльдар Ахметғалиев, шоумен Мұрат Мутурганов, сәулетші Әсел Есжанова, энергетик Руслан Рақымбай, HR-маманы Салтанат Әбілтаева және бизнесмен, әрі қордың құрылтайшысы Ғалымжан Есенов және тағы басқалары қатысты. Өткізілген лекцияларды қордың YouTube-арнасында толығымен көруге болады.

*drug-design — биологиялық мақсаттың біліміне негізделген, жаңа медициналық препараттарды жасау үдерісі.

20.04.17, Жаңалықтар

Көру саны: 64

Другие новости