Дәурен Малаев

Мамандығы: математикалық және компьютерлік модельдеу. Тағылымдама:  стартап Vimchat, АҚШ.

Дәурен Ш.Есенов атындағы қор ұйымдастырған сайыстағы америкалық ІТ-стартапта жартыжылдық тағылымдаманы ұтып алғаннан кейін, оның ойы алдағы күтіп тұрған сынақтар, олардан қалай өту, алған білімін қолдана алу, және қандай жаңа білім алатындығы туралы болды. Кремний алқабындағы жұмыс 28 жасар қазақстандық жігіттің ойынан шықты ма?

Сіз неліктен әзірлеуші мамандығы таңдағаныңыз туралы сұрақтан бастайық?
Мен Шығыс Қазақстан тумасымын, Алматы қаласына қалалық физика-математикалық гимназияға оқуға түсіп, 8 сынып оқып жүрген кезімде көшіп келдім. Бала кезімнен нақты ғылымдарды жақсы көретінмін, және маған 5-ші сыныпта компьютер сатып алған кезде, ІТ – менің таңдауым екенінін түсіндім. Әрине, анамның көмегінсіз болмады. Оған бұл үшін жеке алғысымды білдіремін. Кейінірек ҚБТУ-ға бакалавр бөліміне оқуға түстім, содан кейін «Болашақ» бағдарламасы бойынша Дублин технологиялар институтының магистратурасына қабылдандым. Оқуды аяқтағаннан кейін Chocotravel.com командасына қосылдым, ол кезде бұл шағын стартап болатын, құрамында үш адам жұмыс істейтін. Уақыт өте келе, біз 150 адамнан тұратын штатқа дейін өстік, және де мен ІТ-бағыты үшін жауапты болдым. Қазіргі кезде мен ҚБТУ докторантурасында оқып жүрмін.

Қордың конкурсында жеңіске қалай жеттіңіз?
Фейсбук шолуында Ш.Есенов атындағы қор жариялаған конкурс туралы постты кездейсоқ байқап қалдым. Сайтқа кірдім, сипаттамасын оқыдым, менің кандидатурамның барлық талаптарға тамаша келетіндігін сезіндім. Көп ойламай, құжаттарды жинадым да, конкурсқа қатысуға өтінім бердім. Одан әрі конкурстың бірнеше кезеңінен өттім де, жеңіске қол жеткіздім!

Құрама Штаттарда тағылымдама қалай өтті?
Мен биылғы жылдың сәуір айының ортасында SanMateo қаласына келдім. Уақыт жылдам өтіп жатты, қазан айы да келіп жетті, мен Қазақстанға оралдым. Ол жақтағы алғашқы күндерім ең әсерлі күндерім болды. Барлығы жаңа: ел, адамдар, компания және т.б. Мен жобаны зерделеп шықтым да, істі бастап кеттім: мен backend бағыты бойынша толыққанды Software Engineer болдым. Әріптестерім – командада олардың саны онға жететін, B2C платформаны жасаумен айналысты, бұл жоба бизнеске клиенттермен sms-хабарламалар арқылы байланыс жаауға мүмкіндік береді. Мен backend-тегі функционалды әзірледім, яғни, сервер жағындағы қызметтерді орындадым, стартап клиенттеріне техникалық қолдау көрсеттім, және жүйенің кемшіліктерін түзедім, оларды кәсіби тілде біз «баг» деп атаймыз. Мен стартап бойынша өз әріптестеріме Stripe төлемдік онлайн жүйесін біріктіру кезінде де көмектестім. Клиенттерге теникалық проблемаларды шешу үшін барып, қызмет көрсеттім.

Қандай жетістіктерге жеттіңіз?
Мен АҚШ-та істеген жарты жылдың ішінде ағымдағы кодты толықтырып өңдеу үшін қажет болатын жаңа технологияларды зерттедім. Мен сондай-ақ pipe Drive (​pipedrive.com​) sales-CRM жүйесімен біріктіру үшін де жауапты болдым. Енді ол стартапқа жаңа клиенттерді құрлымдастырылған түрде бақылауға және олармен уақытылы жұмыс істеуге көмектеседі. Мен Кремнийлі алқаптың көптеген инженерлерімен танысып үлгерім, олардың ішінде үлкен төрттікте (Google, Apple, Facebook, Amazon) және Microsoft-та істейтіндері де болды. Олардан көптеген қызық дүниелерді білдім, және де, бұл білімдердің маған кәсіби тұрғыдан дамуға көмек беретіндігіне күмәнім жоқ.

Әдеттегідей, сұхбатымыздың соңында, қарапайым сұрақ: «әрі қарай қалай болады?»
Тағылымдама қорытындылары бойынша компания опциондық келісімшарт ұсынды, оның шарттары бойынша мен болашақта компанияның белгілі үлесін сатып алуға құқылы боламын. Сондықтан да, мен кәсіпорынның өсуіне мүдделемін. Vimchat келешекте де мені қажетіне қарай жұмысқа тартатын болады. Ал әзірше, мен тағылымдамаға дейін жұмыс істеген компанияма қайтып келдім. Research and Development бағытымен айналысамын. Әзірлеуші әріптестеріме және барлық тілек білдіргендерге мен америкалық алқапта алған тәжірибемді таныстырдым. 80 слайдтан тұратын презентация шықты.

23.11.18, Жетістік тарихы

Көру саны: 72