Батыр Ильяс

Батыр Назарбаев Университетінің физика факультеті студенті.  Қордың ішінара қаржыландыруы арқасында 2016-шы жылыдың жазында ол Қытайға аттанып, профессор Тим Бирнс (Tim Byrnes) басшылығымен Нью-Йорк университетінің Шанхайдағы бөлімшесінде ғылыми тағылымдамадан өтті.

1. Университетке тускенде физиканы таңдауыңыздың себебі неде? 
Барлық жаратылыстану-ғылыми пәндердің ішінде физика ең бастысы болып табылады. Мектеп қабырғасында жүріп-ақ мен осы ғылымға және де ғылыми қызметке қызыққан едім. Қазіргі таңда біздің елімізде жоғарғы білікті кадрлер тапшы. Міне, дәл осы факторлар менің таңдауыма түрткі болды.

2. Ғылыми тағылымдамаңызға қаржыландыруды қалай таптыңыз?
Жазғы тағылымдамадан өтуге мені өздерінің ұжымына қабылдауға келісетін шетелдік ғалымдарды іздестірдім. Профессор Бирнс жауап қайтарып, университет шығындардың жартысын көтеруге дайын екенін хабарлады.  Шығынның қалған 50% өтеу үшін Шахмардан Есенов атындағы қордың жол жүру гранттары бағдарламасына өтінім жібердім. Қор жаңалықтарын Facebook парақшасынан әрдайым қадағалап отырамын, осындай бағдарлама бар екенінен хабарым бар. Нәтижесінде, қор менің өтінімімді қолдады.

3. Өткен тағылымдамаңыздың мазмұны туралы айтсаңыз?
Тағылымдаманың тақырыбы кванттық ақпарат теориясымен, дәлірек айтқанда, ақпараттың қауіпсіз алмасуымен байланысты болды. Оның мәнісі, бөлшектердің кванттық-механикалық қасиеттерін пайдалана отырып, ақпараттармен алмасуды жеңілдетуге және оны қауіпсіз жасауға болады. Түсінгендеріңіздей, бұл жобаның үлкен тәжірибелік мәнісі бар. Осыған жарқын мысал – жақында Қытай ғалымдарының ұшырылған әлемдегі ең алғашқы кванттық жерсерік.

4. Машықтанудың нәтижесін қалай сипаттай аласыз?
Мен баға жетпес тәжірибе алдым және өзімді нағыз ғылыми жұмыста байқап көрдім. Бұл тәжірибе маған докторантураға түсуге көмектеседі.  Алдағы уақытта физика бойынша әлемнің жетекші университеттерінің біріне түсемін дем үміттенемін. Осы мақсатқа жету үшін мен барлық жігеріммен тырысатын боламын.

25.10.17, Жетістік тарихы

Көру саны: 71