Ажар Жайлауова

Мамандандығы: медицина. Тағылымдама: SUNY Polytechnic Insitute, АҚШ.

Ажармен танысып көрейік. Ол поэзияны ұнатқаннан басқа, сондайақ цигун мен каратэмен белсенді шұғылданады, өзі Nazarbayev University медициналық факультетінде білім алуда. Студент қыз академик Ш. Есенов атындағы ғылымибілім беру қорының гранттар конкурсының жеңімпазы болып табылады. Ол сигналдар трансдукциясы зертханасынан қайтып оралды, ал біз Сіздерге бұл қыз және оның зерттеуі туралы көбірек айтып беруге әзірміз.

Ажар, Сіздің медицинаға деген қызығушылығыңыз қашан және қалай пайда болды?
Мен 23 жастамын, Ақтаудағы экономика лицейінің түлегімін. Менің биологияға деген қызығушылығым мектеп кезінде ДНК-мен танысудан басталды. Сол кезде мен үшін ол тіпті минималды мутация кезінде де біреудің өмірін жақсы бағытқа түбегейлі бұра алатын молекула ретінде болды. Бакалавриатта синтетикалық биология бойынша конкурстарда ДНК-мен 4 жыл жұмыс істеген соң (мамандық: биологиялық ғылымдар, қосымша мамандану: химия) маған одан әрі клиникалық зерттеулерге күрделі дайындалуға кез келгенін түсіндім. Сөйтіп, мен Медицина мектебіне өтініш бердім.

Сіз үшін жарыс қаншалықты қиын болды?
Конкурс бір мағыналы болған жоқ. Ең басында бізді шынайы болуды, өзіміз болып қалуды өтінді. Және де бұл тамаша кеңес болды. Барлық кандидаттар сұхбаттасу кезінде өздерін лайықты ұстады, және де неге дәл мені жеңімпаздардың бірі ретінде таңдағанын түсінбедім. Ал конкурстың логикалық бөлігі үшін екінші турдың барлық әлеуетті қатысушыларына мен «Не? Қайда? Қашан?» деген телебағдарламаны қарауға кеңес берер едім. Бұл оларды өзгеше ойлауды үйретеді.

Тағылымдаманың өзі жайлы егжей-тегжейлі айтып бересіз бе?
Профессор Бенуа Бойвин, менің жетекшім, Нью-Йорктағы Cold Spring Harbor зертхананың түлегі. Ол өте дарынды, талапшыл әрі қатал. Оның зертханасында менің міндетім жүрек соғысын иммитациялайтын аппаратты іске қосу және егеуқұйрықтың балаларының жүрек жасушаларымен алғашқы эксперименттерді жүргізу болды. Үздіксіз созылу салдарынан жүректің жасушалары уақыт келе тозады. Жасушалардың қартаюына әкеп соқтыратын үдерістер жанданады. Бірақ бұл үдеріске төтеп беретін бір ақуыз бар. Менің мақсатым оның жасушаларда бар болуын анықтау және бұл молекуланы шығарып алуға. Ол қартаюды гипотезалық тұрғыда бәсеңдетуі мүмкін. Тағылымдама кезінде мен зертханадағы әріптестермен және бөлмедегі көршілермен жақындасып, достасып кеттім. Зертханада жылы достық атмосферасы болды. Біз тіпті бірнеше барбекю-кештерді және кешкі қоштасу асын жасауға үлгердік. Мен достарыммен Техасқа барып, Нью-Джерсиді тамашалап қайттым.

Сіздің ғылыми тәжірибеңіздің нәтижелері қандай?
Менің бірінші нәтижем – тұрақты түрде жұмыс істейтін, эксперименттерге арналған биореакторды іске қосқаным. Осыған дейін зертханада ешбір адам бұл машинаны пайдаланбағандықтан және ұқсас эксперименттерді жүргізбегендіктен, бұл молекула, қартаюдың антагонисті, біздің зертханамызда алғашқы рет анықталған болатын. Жинақталған білімдерді қолдана отырып, жүрек жасушаларының қартаюына қарсы жұмыс істейтін басқа да молекулаларды анықтауға болады, олардың өз функциясын бұдан да жақсы орындауы үшін, оларды сәйкестендіріп, генетикалық түрде түрлендіруге болады. Біз эксперименттер бойынша жұмыс осы қыстың соңына қарай жариялауға дайын болады деп күтеміз.

Қандай жоспарларыңыз бар, Ажар?
Тағылымдама жоғары білікті зертханалық зерттеулерді жүргізу саласында менің ой-өрісімді кеңейтті. Егер де лайықты күш салса және энтузиазм танытса, кез келген жұмысты орындауға болатынына тағы да көз жеткіздім. Бұдан басқа, маған жануарларды препараттау оңай болмайтынын түсіндім. Қазір мен обыр иммунотерапиясы саласындағы зерттеулерге қызығушылық танытамын және де Германиядағы фармакологиялық компанияда жазғы тағылымдамадан өтуді жоспарлаймын. Сонымен қатар жаз мезгілінде мен Медицина мектебінде клиникалық тәжірибеден өтемін.

27.12.18, Жетістік тарихы

Көру саны: 74