…ОЛАЙ БОЛСА ФИЗИКА СІЗГЕ ӨЗІ КЕЛЕДІ

Ақпан айының соңында Қазақстанның кітап дүкендерінде, Ш.Есенов атын. ғылыми білім беру қорымен шығарылған,  «Физика комиксте» алғашқы екі шығарылымы пайда болады.  Аталмыш кітаптың 200 данасын қор, құрамына 25 кітапхана кіретін, Алматының орталықтандырылған кітапхана жүйесіне (ОКЖ) өтеусіз түрде тапсырды.

Әр кітапханалар жүйесіне шығарылым екі тілде де бәрнеше дана болып түсседі.

— Мен комикстің бірнеше данасын орталықтандырылған кітапхана жүйесінің ұйымдастыру әдістемелік бөлімінің меңгерушісі  Наталья Коваленко ханымға тапсырдым. Және осы айдан бастап мегаполистің кітапханасына келген балалар  өздері үшін қызықты және пайдалы ақпараттарды ала отырып, аталмыш комикстерді оқи алады. Сондай-ақ, алдағы уақытта тираждың бір бөлігін Қазақстан мегаполисінің мектептеріне тегін тарату жоспарымызда бар, — деп Ш.Есенов атын. қордың жобалар үйлестірушісі Нұрсұлтан Нұрмұханов ақпаратпен бөлісті.

Аталмыш комикстерді елімізде кеңінен танылған “Книжный город”, “Меломан” және “Алматы кітап” баспасы сияқты кітап сату желілерінің дүкендерінен сатып алуға болады. Сонымен қатар, комикстерді flip.kz сайтынан онлайн тапсырыс жасау арқылы да алуға болады.  Комиктерді көпшілікке тару жолдарының жұмыстары жүргізіліп жатқанда, Khan Comics суретшілері бір сәткеде кідірместен «Физиканың…» 3 және 4 шығарылымдарының суреттерін салып бітірді.

— Үшінші шығарылымда біз біраз қиялдар әлеміне жүгініп, өте әдемі және пайда болуы мистикаға толы Қайыңды көлінің пайда болуы, әрине оның ғылыми және тарихи  нұсқасы туралы жарияладық, — деп Khan Comics негізін қалаушысы Оразхан Жакуп айтып өтті. — Ал төртінші нөмірде біздің басты кейіпкерлер мұзды лабиринтке саяхат жасайды. Олар, сондай-ақ, қаһарлы әрі қорқынышты құбыжықтардың бірімен кездеседі.

Естеріңізге сала кетейік, сюжеттің дамуына қарай әр нөмірде басты кеіпкерлер — Әлібек, Ника, Руслан және Ерік бірден бірнеше физиканың заңдарымен танысады. Бұл дегеніміз, «Физика комиксте» негізін қалаушыларының ойлары бойынша, бастауыш сынып оқушыларына жоғарғы сыныптарда басталатын пәнге дайындалуға көмектеседі, ал тіпті біреуі ғылыммен шындап айналысуды бастауы да мүмкін. Қор осы жылдың соңына дейін комикстің 10 сериясын басып шығаруды жоспарлап отыр.

22.02.19, Қор жаңалықтары

Көру саны: 825

Другие новости