Адина Тасболат

Мамандығы: органикалық заттардың химиялық технологиясы.Тағылымдама: Carnegie Mellon University, АҚШ.

Адина әлФараби атындағы ҚазҰУда бакалавриатты тәмамдап жатыр. Ғылыми тағылымдамалар конкурсын ұтып, болашақ химик, ал әзірше Алматының студенті биылғы жылы профессор Алан Расселдің зертханасында ақуыздарды түрлендірді.

Химияның сіздің басты кәсіби қызығушылығыңызға қалай айналғанын айтып беріңізші.
Мен химия пәнін мектепте оқытылғаннан бастап бірден ұнаттым. Жоғары сыныптарда әртүрлі деңгейдегі олимпиадаларға қатыстым, екі рет республикалық олимпиаданың жүлдегері атандым. Және де маған өз бейімділігімді табуға көмектескендері үшін өзімнің мұғалімдеріме және жаттықтырушыларыма алғыс айтамын.

Сіздің химиядан басқа қандай қызығушылықтарыңыз бар?
Кез келген салада табысқа қол жеткізу үшін, кәсіби дағдылардан басқа, soft skills делінетін — жеке тиімділік дағдылары маңызды рөл атқарады. Сондай-ақ, мен адамдармен үнемі өзара әрекеттесемін, маған өзімдегі коммуникациялық дағдыларды зерттеу мен дамыту қызықты. Сондықтан да, мен тұлғалық өсумен және қазақ көркем әдебиетімен байланысты кітаптарды оқығанды ұнатамын. Төлен Әбдіковтың «Парасат майданы» кітабы және Әзілхан Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» кітабы өте ұнады.

Қордың грантына арналған конкурстан есіңізде не нәрсе қалды?
Мен бағдарламаға екі рет өтінім бердім, бірақ алғашқы жылы жеңімпаздардың тізімінен өзімнің аты-жөнімді тапқан жоқпын. Бұл тәжірибе маған үлкен сабақ болды, және де екінші мәрте мен өзімді толыққанды көрсете алдым. Екінші тур есте қалды: өршіл және мақсатқа бағытталған жастар өз мақсаттарын одан әрі іске асыру үшін жаңа түрткі алады. Бұл конкурстың кезеңі емес, жас ғалымдар өздерінің ең жақсы тұстарын ашып, кішкентай табыстарымен бөлісетін ғылыми симпозиум іспеттес.

Сіз тағылымдама кезінде не істедіңіз?
Тағылымдама кезінде мен ақуыздардың зерттеуімен айналыстым. Ақуыздар мен ферменттерді түрлендіре отырып, олардың әртүрлі қасиеттерін жақсартуға болады. Түрлендірілген ақуыздар медицинада және нано- және био-технологиялар салаларында кеңінен пайдаланылады. Әр апта сайын мен ғылыми жетекшіге орындалған жұмыс туралы презентацияны ұсындым – осылайша екеумізге де зерттеулердің барысын бақылау жеңіл болады. Менің менторларым ғылыми қызметкер – доктор Хиронобу Мурата және менің отандасым – докторантура студенті Бибифатима Каупбаева болды. Екеуі де талапшыл адам. Дайын жауаптарды берудің орнына олар маған сұрақтар қойды және де осымен менің дұрыс шешімге өздігінен келуіме себепші болды.

Не нәрсеге қол жеткізілді?
Жалпы алғанда, тағылымдаманың қорытындылары жағымды. Менің нәтижелерім жоба аяқталған бойда жариялауы жоспарланып отырған ғылыми мақалада жарық көреді. Үш айдың қорытындылары бойынша мен біздің зертханамыздың барлық 13 қызметкері алдында өзімнің еңбегім туралы презентацияны жасадым. Маусым айында мен ақуыздар инженериясы жөніндегі симпозиумға қатыстым, мұнда түрлі америкалық жоғары оқу орындарының ғалымдары жиналды. Оған профессор Кшиштоф Матяшевскийдың қатысқаны және де оның бүкіл әлемде және тіпті ҚазҰҰ-да пайдаланылатын радикалды полимеризация әдісін ашқаны қызық болды. Мұнда мен химик ғалымдардың еңбектерімен таныстым, көптеген қызықты нәрселерді білдім және пайдалы байланыстар орнаттым. 3 ай ішінде менің білімдер қорым әжептәуір толды. Мен әртүрлі спектрометрлермен және өзге де жабдықтармен жұмыс істеуді үйрендім. Сонымен қатар өзімнің ойымды айқын білдіруді және де көрермендер алдында сөз сөйлеуден қорықпауды үйрендім.

Әрі қарай жоспарларыңыз қандай, Адина?
Бұдан әрі мен бакалавриатты аяқтағым келеді. Профессордан алған жақсы ұсыныс хат докторантураға түсу кезінде менің мүмкіндіктерімді артады деп ойлаймын. Мен америкалық ЖОО-ға түсуді жоспарлаймын, себебі маған олардың оқыту жүйесі өте қатты ұнады. Ал ғылым саласында мен зерттеулерімнің биомедицинада полимерлерді қолданумен байланысты болғанын қалаймын. Қазан айының соңында мен IELTS тапсырамын, содан кейін GRE тапсыратын боламын. Міне, жақын арада жоспарларым осындай.

20.09.18, Жетістік тарихы

Көру саны: 86