Әділет Жақсыбай

Мамандануы: компьютерлік ғылымдар. Тағылымдама: University of California, San Diego.

Әділет – 22 жаста, Nazarbayev University студенті, туған жері – Павлодара қаласы. Өтекен 2015 жылы Сан-Диегодағы Калифорния университетінің профессоры Шачара Ловеттің зертханасында (компьютер ғылымдары факультеті) қор грантына жазғы ғылыми машықтануды жүзеге асырды.

1. Осы мамандықты таңдауыңыздың себебі неде?
Мені әрқашанда қазіргі заманда аса қажетті, әрі болашағы зор бағдарламалау –математика мен жоғары технологияның қосындысы қызықтыратын.  Сондықтан да менің университеттегі болашақ мамандығым жайлы сұрақтың шешімі мен үшін оңай болды.

2. Машықтануға түсу үшін өткен байқау туралы айтып кетсеңіз? Ең қиыны не болды?
Байқау барысында мен үшін ең қиыны және ең қызықтысы екінші саты – сұхбаттасу болды. Бұл кезең басқа грант үміткерлерінің арасында өтті.  Менің білуімше оның мазмұны әр жыл сайын өзгеріп тұрады.  Менің сұхбаттасуым кезінде ойлау жылдамдығын таныту, үнемі өзгеріп тұратын тапсырмаларға жедел әрекет жасау, ұжымда жұмыс жасай білу қасиеттерін танытуға, сонымен қатар өз-өзіңді көрсете білу қажет боды.  Осының бәрі де тез қарқынмен және де қор қызметкерлерінің бақылауымен өтті.

3. АҚШ-тағы машықтану кезінде қандай қызықты оқиғалар болды?
Университеттегі жұмыстан басқа, менде Лос-Анджелес пен Сан-Франциско қалаларына барып,  атақты Кремний алқабын көру мүмкіндігі болды. Ол жерде мен әлемнің ең ірі технологиялық компаниялары ¬– Google және Facebook кеңседерінде болдым. Сонымен қатар көрші Мексикада да болып қайттым.  Сапар менің ой-өрісімді барынша кеңейтті! Әрине, тағылымдама барысында негізгі ғылыми жұмыстың мен үшін маңыздылығын асыра бағаласам артық болмас. Зертханада зақымданған/толық емес ақпараттарды қалпына келтірудің проблемаларын зерттеумен айналыстым.

4. Машықтанудың нәтижесін қалай сипаттай аласыз?
Қайтып орлалғаннан кейін өзімнің осы үш ай ішінде жеке тұлға ретінде өсіп, дамығанымды байқадым Менің ғылыми білімім нығайды, ағылшын тілі жақсарды, тек қана АҚШ емес, қандай-да басқа елдің мәдениетін жақсырақ түсінуді үйреніп, әрине сонымен қатар көптеген қызықты адамдармен таныстым.  Менің ойымша, бұл қандай мамандықты таңдағанына қарамастан кез-келген адам үшін пайдалы.

22.10.17, Жетістік тарихы

Көру саны: 89