Абай Нүсіпбеков

Абай Нүсіпбеков – Сүлейман Демирел университетінің түлегі, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың PhD дәрежесінің иегері, сонымен қатар СДУ студенттеріне машиналық оқыту мен бағдарламалаудан дәрісберуші. Жас маман 2016 жылы Ш.Есенов атын. ғылыми білім беру қорының грантының бес жеңімпаздарының бірі атанып, Кремний алқабына жарты жылдық тағылымдамаға жол бастады. Қыркүйек-наурыз аралығында Абай AmplifyLive (бұрынғы атауы Ticktate) стартапында тәжірибе жинады.

1. Тағылымдама барысында немен айналыстыңыз?

Мен AmplifyLive компаниясында жұмыс жасадым. Бұл жаңадан бой көтеріп келе жатқан стартап түрлі концерттік шараларға билеттерді онлайн сатумен айналысады. Ондағы менің негізгі міндеттерімнің бірімузыкаға құмар жандармен адамға түсінікті тілде сөйлесе алатын чат-бот бағдарламасын жазып, өңдеу болды. Мұндай бот пайдаланушының жеке көмекшесінің рөлін атқарады деуге болады, яғни ол адамның музыкалықталғамын, жүріс-тұрысы мен басқа да сипаттамаларын айқындап, пайдаланушыларға өтетін концерттер мен қызықты шаралар жайында хабарлап отырады. Чат-боттың қызметі бұнымен шектелмейді, билеттерді сатып алу, оларды пайдаланушыға жіберу сияқты тағы басқа да қызметтерді атқарады.

2. Қолжеткізген нәтижелеріңізбен бөліссеңіз?

Жаңадан құрылған стараптардың ерекшеліктерінің бірі –стартап қатысушылары өздерінің жұмысын ғана атқармай, шектес, кейде мүлдем жаңа салаларда жұмыс жасайды.  Мен өзіме жақын, негізгі жұмысым, машиналық оқытудан басқаөңдеу туралы білімімді кеңейтіп, командалық жұмыс, өнімнің презентациясын жасау мен ықтимал инвесторлармен келіссөздер жүргізуде жақсы тәжірибе алдым.  Кремний алқабындағы өткен күндерімде Data Science саласындағы мамандармен кездісіп, соңғы жаңалықтардан хабардарболу деген тілегім де орындалды. Бейресми кездесулер мен шараларға жиі қатысып көптеген қызықты тұлғаларды кездестірдім, кәсіби қатынастарымды ұлғайттым.

3. Жинақтаған тәжірибеңізді бұдан әрі қалайша қолданбақшысыз?  

Білесіз бе, тәжірибемді қолданып та жатырмын. Тағылымдама аяқталысымен, AmplifyLive басшылығы мені жұмысқа шақырды. Міне, қазір олармен қашықтықтан жұмыс жасап та жатырмын. Компанияның көздеген мақсаттары жетерлік, оларды іске асыру үшін тек қана еңбек ету керек.  Басқа бір стартаптан да жұмысқа шақыру келген еді; бір қарағанда келешегі бірінші стартапқа қарағанда әлдеқайда зор боп көрінді, алайда өз стартапымдағы әріптестеріммен қалуды ұйғардым.  Дегенмен, болашақта маған үлгі бола алатын жаңа, қарқынды топтың бір мүшесі болып қосылуға қарсы емеспін. Алдыма қойған мақсатым – кәсіби тұрғыдан дамуды тоқтатпай, жинаған тәжірибемді жобаларда қолданып, оқыту арқылы басқалармен бөлісу.  Сондықтан да, осыған дейінгі оқытушы мансабына ішінара оралғым келеді. Оның үстіне АҚШ-тағы достарым мен таныстарым өткізгім келетін онлайн қонақтық дәрістерге қатысуға да келісіп қойды. Қазақстандық студенттердің, мысалы Google алыбындағы,  машиналық оқыту маманынан тәжірибе алуы тамаша болмас па еді!?

5.11.17, Жетістік тарихы

Көру саны: 76