«7 ҮШІН 7» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ БАСТАЛАДЫ

20 тамызда Алматыда «7 үшін 7» қайырымдылық акциясы басталады. Cпортшысы және еріктісі Сергей Левадний 7 күн ішінде 7 триатлон дистанциясын орындау міндеттемесін өз мойнына алды. Жобаның мақсаты – қала тұрғындарын тарта отырып, олардың көмегімен аз қамтамасыз етілген отбасынан шыққан ерекше қажеттіліктері бар балаларды мектепке дайындау.

— Идея халықаралық тәжірибеден келді. Онда спортшылар қайырымдылық мақсаттарында аса ұзақ дистанцияларды жиі жасайды. Мен мүгедек балалардың мектепте және үйде жақсы оқуы үшін қажетті нәрсенің барлығы болғанын қалаймын. 7 күн ішінде Ironman форматының жартысы 7 дистанциясын жасауға уәде беремін (жүзу — 1,9 км, веложарыс — 90 км, жүгіру — 21,1 км). Бұл спорттық бағдарламаны күн сайын күннің екінші жартысында орындаймын. Біз барлығымыз бірге балаларды мектепке дайындаймыз деп сенемін, – деп, С.Левадний жоспарларымен бөлісті.

Акцияның әрбір күні алматылық тұрғын қала бойымен жүгіріп, велосипедпен жүріп, бассейнде дистанцияны жүзіп өтіп, оны көретін барлық адамдардың назарын зияткерлік мүмкіндіктері шектеулі, милық салдануға, Даун синдромына, аутизмге және құлақ есту ауытқуларына шалдыққан балаларды мектепке дайындау проблемасына аудартуға үміттенеді.

— Сергей идеясымен бөлісіп, бізге жүгінді, және де біз ата-аналар үшін баланы мектепке жинау – аса ауыр соғатын балалардың тізімін дайындадық. Осындай ата-аналардың кейбіреулерінде мүгедектік бойынша жәрдемақы – күн көрудің жалғыз көзі болып табылады. Себебі, олар сырқат балаларын күту үшін жұмыстарын тастауға мәжбүр болады. Біз сонымен қатар ұйымдастырушыларға дәл қандай кеңсе тауарлары қажет екенін хабарладық, — деп айтты Алматы қ. «Спешиал Олимпикс» ҚБ филиалының директоры Галина Ильина.

Академик Ш. Есенов атындағы ғылыми-білім беру қорының Komanda SOS еріктілерді үйлестіру орталығы Сергейге спорттық киім-кешекті ұсынып, ұйымдастыру жағынан қолдау көрсетті. Алматы триатлон федерациясы (АТФ) акцияға техникалық қолдау көрсетеді және төрешілік бақылау жүргізеді.

— 7 күн ішінде Ironman форматының жартысы 7 дистанциясын орындау – аса қиын міндет, – деп санайды белгілі қазақстандық Ironman, триатлоншы және бапкер Максим Мазур. — Бұған әрбір спортшының әлі келе бермейді. Бірақ мен Сергейді жігерлі, рухы мықты триатлет ретінде білемін. Сондай-ақ, оның физикалық дайындығы өте жақсы, сондықтан да, оның қолынан келеді деп сенемін!

Қайырымдылық акцияның бірінші күнінен бастап – 20 тамызда – мектептік кеңсе керек-жарақтарын жинау басталады (сөмкелер, дәптерлер, қаламдар, дәптерлер мен кітаптарға арналған қаптар және т.б.). Алматының ең ірі фитнес-клубы қайырымдылық тапсырылатын керек-жабдықтарды қабылдау орталығына айналмақ. Қазақстандық мегаполистің әрбір бей-жай қарамайтын тұрғыны немесе қонағы балаларды мектепке дайындауға жеке ат салыса алады. Бұл үшін Алматыда мына телефон арқылы Komanda SOS қызметкерлерімен байланысу жеткілікті: +7 727 346 92 88. Мектептік жиынтықтарды жинау 28 тамызда аяқталады, ал 29 тамызда оларды ерекше қажеттіліктері бар балаларға табыстау жоспарлануды.

Бұл Сергей Леваднийдің бірінші қайырымдылық акциясы емес. Екі жыл бұрын ол қайырымдылық ультратриатлонның көмегімен Алматының аз қамтамасыз етілген отбасылардан шыққан 48 оқушыны мектепке дайындауға көмек көрсетуді ұйымдастырған болатын.

20.08.18, Жаңалықтар

Көру саны: 117

Другие новости