5 ҚАЗАҚСТАНДЫҚ — OPEN UNIVERSITY УНИВЕРСИТЕТІНЕ ТҮСТІ

Академика Шахмардана Есенов атындағы қордың Ұлыбританияда жазғы тағылымдамадан өтуге арналған конкурсы наурыз айының басында басталған еді. Оның идеясы химия, мұнай және газ саласындағы қазақстандық студенттер мен жас мамандарды қолдауды көздеп отыр. Сәуір айында жеке қайырымдылық қорына 59 өтінім түсіп, оның ішінде ең үздік 17 өтінім іріктелген, ал қордың бағдарлама бойынша серіктестері – Open University (Ұлыбритания) өкілдері – бес жеңімпазды іріктеп алды. Олардың есімдері 22 мамырда белгілі болады.

Олардың барлығы биылғы жаз мезгілінде Біріккен Корольдіктің – Open University – электрондық оқыту және зерттеулер саласындағы ең ірі университетінде тағылымдамадан өтетін болады. Жеңімпаздар Лаура Калиева (Ақтөбе қаласы), Альбина Джетыбаева (Шемонаиха), Бексұлтан Абылхани және Гуляим Сағындыкова (екеуі де Алматыдан), және де Ерқанат Канафин (Степногорск). Қазақстандық студенттерді бақылайтын бес британдық профессор – Сатиш Кришнамурти, Эллен Хили, Карл Бордман, Николас Тернер және Саймон Коллинзон. Әрбір профессор жеңімпаздарды іріктеудің қорытынды кезеңде жеке қатысады.

— Кандидаттар, біздің пайымдауымыз бойынша, өздері біздерге бәрінен де лайық екендерін көрсету үшін, өз өтінімдерін мұқият дайындап келді. Барлық конкурсанттардың дайындық деңгейі өте жоғары, және де әрбіреуі бакалавриат шеңберінде жүргізілген тақырыпқа сәйкес келетін ғылыми зерттеулерге ие, – деп санайды профессор Карл Бордман (суретте сол жақта).

— 17 кандидаттан жеңімпазды іріктеу өте қиын болды, себебі финалға шыққандардың әрқайсысы уникум. Мен барлық үміткерлердің ағылшын тілін меңгеру деңгейіне таң қалдым. Бұл қазақ студенттерімен жұмыс жасауды асыға күтемін. Биылғы жазда жүргізілген жұмыс нәтижесінде біз талай табысты аяқталған жобаларды көреміз деп сенемін. Сіздің студенттерінің Open University университетінде болған уақытта көптеген жаңалықтар ашады деп үміттенемін, – деп айтты профессор Николас Тернер (суретте оң жақта).

— Біздің қор жас студенттердің күш-жігеріне сенеді, және де біз оларға ғылыми зерттеулерге деген талпыныстарын қолдай отырып, жәрдемдесуге тырысамыз. Біз кәсіби өркендеу үшін кез келген мүмкіндікті пайдалануға дайын және де өз еңбегімен Қазақстанның ғылыми әлеуетінің дамуына себептесетін дарын тұлғаларды іздейміз. Сондай-ақ біз оларды Ұлыбританиядан келген серіктестердің көмегімен тауып алдық, – деп түсіндірді қордың атқарушы директоры Айғаным Малышева.

Open University (Ашық университет) — Ұлыбританиядағы ең рейтингтік зерттеу институттарының бірі және қашықтықтан оқыту саласындағы әлемдік көшбасшы. Ол 1959 жылы құрылған. Бұл жылдар ішінде бүкіл әлемнен 1,8 млн. студент осы оқу орыннан білім алды, ал қазіргі таңда мұнда 170 000 адам білім алуда.

1.06.17, Жаңалықтар

Көру саны: 79

Другие новости