25 ШӘКІРТАҚЫ ӨЗ ЖЕҢІМПАЗДАРЫН КҮТУДЕ

Міне, осымен 7-рет академик Ш.Есенов атын. ғылыми білім беру қоры  көрнекті ғалым, геолог, Ұлттық ғылым Академиясының академигі, геология-минералогия ғылымдар докторы, профессор, Ленин сыйлығының Лауреаты, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Ш. Уәлиханов сыйлығының лауреаты — Шахмардан Есенов шәкіртақысына өтінімдер жинауды бастайды.

— Осы жылы біз бағдарлама ережесін өзгертіп, гранттар санын 25-ке дейін көбейттік. Сондай-ақ, алғаш рет ғылыммен әуестенген, медицина бағытында білім алып жатқан студенттерден өтінімдер қабылдаймыз. Бүгінгі таңда медицина күннен күнге көп талапкерлерді тартуда. Біз де болашақ дәрігерлерді және де биомедицина сияқты бірнеше мамандық торабын қамтитын бағытты қолдауды жөн көрдік, — деп қордың жобалар үйлестірушісі Нұрсұлтан Нұрмұханов айтып өтті.

 Дәстүрге сай, қор академик Ш.Есенов атын. қордың құндылықтарын бөлісетін және еліміздің зияткерлік әлеуетін дамыту миссиясын қолдайтын студенттерді іздейді. Бағдарлама жеңімпаздары — бұл өз мақсаттарына ұмтыла білген, дербес  және де  ғылымға қызығушылық танытып,  жоғары академиялық нәтижелер көрсеткен, ғылыми және әлеуметтік іс-шараларға белсенді қатысқан студенттер.

Бір айта кетерлігі, аталмыш шәкіртақы байқаудың өткен жылғы жеңімпазы, Назарбаев Университетінің студенті, Султан Муратовқа Баффало университетінде тағылымдамадан өтуге, IELTS және GRE емтихандарын тапсыруға көмектесті.  Соңғысынан ол математика бойынша ең жоғарғы балл жинады. Ал, ҚарМТУ магистранты — Динара Абишеваға, шәкіртақы Ресей мен Венадағы тағылымдамаларын ішінара өтеуге, сонымен қатар магистрлік диссертациясының құрылымдық бөлігін іске асыруға көмектесті.

Байқауға қатысатын барлық қажетті құжаттар 2019 жылдың ақпан айының 24-не дейін info@yessenovfoundation.org  электронды мекен жайына жіберіледі.  Бірінші кезеңнің нәтижелері 10-шы наурызға дейін белгілі болып, Шахмардан Еснов қорының сайтында және Facebook парақшасында жарияланады.

Анықтама:
Академик Шахмардан Есенов өмірден озғаннан кейін оның жұбайы Камиля Қарабалаева болашақ геолагтарды, Қ.Сәтбаев атын. ҚазҰТУ-дың талантты студенттерін қолдау үшін екі шәкіртақы тағайындады. Шәкіртақы университеттің ғылыми кеңесінің шешімімен тағайындалып отырды.
2013 жылы Ғалымжан Есеновтың бастамасымен қор құрылғаннан кейін – бағдарлама Шахмардан Есенов атын. қорға берілді.
2015 жылдан бастап шәкіртақы республикалық дәрежеге ие болды. Бағдарламаға қазақстандық жоғары оқу орындарында жаратылыстану ғылымдары, техникалық, ақпараттық технологиялар және медициналық мамандықтар бойынша оқитын студенттер қатыса алды.

28.01.19, Жаңалықтар

Көру саны: 66

Другие новости